Қазақстан Республикасында 2003 жылдан ҚР СТ 1179-2003 «Сапа жүйелері. НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару» стандарты әзірленіп, 2005 жылдан қолданысқа енгізілген
Қазақстан Республикасында 2003 жылдан ҚР СТ 1179-2003 «Сапа жүйелері. НАССР принциптері негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару» стандарты әзірленіп, 2005 жылдан қолданысқа енгізілген.
Өндіріліп отырған өнімдердің бәсекелестігін арттыру.
ХАССП жүйесінің негізгі қағидалары
1. Қауіп-қатерлерді талдау және бағалау
Қауіп-қатерлерді талдау – оны бағалаудан, талданып отырған кезеңінде басқарудан және қауіп-қатердің басқа кезеңдерге берілу мүмкіндігін бағалаудан тұрады. Бізге мәлім қауіп-қатер үшеу: биологиялық, химиялық және физикалық.
Биологиялық қауіп-қатер- тірі ағзалардың, соның ішінде (Salmonella, Escherichia coli 0157 H7 және т.б.) сияқты микроағзалардың, ең қарапайым ағзалардың, паразиттердің және т.б.; олардың уыттары мен тіршілік әрекеттері өнімдерінің әсер ету нәтижесінде пайда болады.
Химиялық қауіп-қатер- а) ауыл шаруашылығы химиялық заттектері: пестицидтер, гербицидтер, өсімдіктердің өсуін реттейтің реттегіштер және т.б. б) кәсіпорындарда қолданылатын химиялық заттектер: тазалау, жуу, уытсыздандыру құралдары, жағармайлар және т.б. в) сыртқы ортадан зақымдану: қорғасын, күшән, кадмий, сынап және т.б.
Физикалық қауіп-қатер- туындаған жағдайда азық-түліктің құрамында әдетте кездеспейтін физикалық заттардың (шыны, металл, пластмасса және т.б.) кездесуі мүмкін және құрамында осындай заттары бар өнімді тұтынған адамның денсаулығына зиян келіп немесе тұтынушы әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін.
Бақылау сыни меже (БСМ) – қауіпті факторды сәйкестендіру және (немесе) қауіп-қатерді басқаруды бақылауды жүргізу орны. БСМ-ні әрбір көрсеткішке жеке-жеке немесе бір ерекшеліктің бір топ көрсеткіштеріне талдау жүргізу арқылы, сондай-ақ технологиялық және өндірістік үрдістің блок-жүйесіне кіретін операциялардың барлығына дәйекті түрде зерттеу жүргізе отырып анықтайды.