Тагам өнімдерін суықпен өңдеу


Жұмыртқаны салқындату және сақтау



бет3/3
Дата27.09.2023
өлшемі56,31 Kb.
#182714
1   2   3
Байланысты:
Тагам

Жұмыртқаны салқындату және сақтау
Жұмыртқа адам азығының ең пайдалы түрлерінің бірі болып табылады. Жұмыртқада организмнің дамуын және тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті барлық қоректік заттар өзара оптимум қатынасында кездеседі. Қабығы жұмыртқаның ішіндегі затты сенімді түрде қорғайды. Қабық астындағы қабыршық және ақуыздар жұмыртқаның ішіндегі заттың бактериялардың әсерінен бұзылудан сақтайтын бактерицидтік қосылыстардан құралады.
Жұмыртқаның бұзылмауы тауықтан алынған жұмыртқаны қаншалықты тез уақытта салқындатқаннан тәуелді болып табылады. Алынған күні 10 °С температураға дейін салқындатылған жұмыртқа одан кейінгі 2-10°С температурада 30 күн ішінде сақтау кезінде өз сапасын жоғалтпайды, яғни диеталық жұмыртқаға қойылатын талаптарға сай келеді.

Балықты тоңазыту
Балықты ұстаған жерде тоңазытады. Суытқыш орта ретінде тағамдық мұз, теңіз суы, ас тұзы қолданылады. Ауада балықты салқындатпайды, өйткені ол ұзақ уақытқа созылып кетеді.Тоңазытылған балықты сауда орындарына ұнтақталған немесе чешуя сияқты мұз ортасында жеткізеді. Бұндай мұз ауыз суына қойылатын талаптарға сай болуы керек.

Балықты мұздату
Мұздату камераларында балықты ауа температурасы -23°С салыстырмалы ылғалдығы 90-95% жағдайда мұздатады. Өлшеміне (үлкендігіне) қарай балықты үйілген күйінде, қалыңдығы 12 см-ден жоғары емес қабатта немесе ілінген күйінде мұздатады. Камерадағы ауа қозғалысы табиғи түрде немесе желдеткіш арқылы жүзеге асырылады. Желдеткіш қолдану мұздату процесін 20% жылдамдатуға мүмкіндік береді. Өнімнің сапасы да жоғарлайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет