Күй күшті , тауды – тасты бұзатұғын , Орнына өз өрнегін сызатұғын.
Талқандап тас кереңді үн оятар , Дүкені дүниенің қызатұғын.
\
Ортасы /Даму
Күй құдыретіне бас ие отырып, бүгінгі сабағымызға арқау болған
“Нар идірген” күйін тыңдасақ.
Күйдің шығу тарихы. Т.Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі. Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдыреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген бозінгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды.
«...Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе, телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі күйшіге қатты әсер етті...»
Күй құдыреті жануар екеш жануарға да әсер етті. «Нар идірген» күйі осылай туыпты деген аңыз бар.