Тақырыб: «Жаратылыстану әлемінде»


Топтарымен, ұрандарымен таныстырады



бет6/10
Дата13.01.2023
өлшемі79,61 Kb.
#165483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
АПТАЛЫК

Топтарымен, ұрандарымен таныстырады.
Тапқыр,білгір,дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Жаратылыстану пәндерін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды-
деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.
1 сайыс Қызықты жұмбақтар (жұмбақтар оқылады, жылдам жауап берген топ ұпай санына ие болады.)

  1. Сыныптан бір шықпайды, тимесең жұқпайды,

Жәрдемсіз бұл затсыз оқушы сабақ ұқпайды. (Бор)

  1. Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың. (Тұз)

  2. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы құйылған сақамен атады. (Қорғасын)

  1. Шыдасаң алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (Су)

  1. Өзім газбын, менімен демаласың

Жоқ болсам, ауа жетпей қиналасың. (Ауа)

  1. Бірінші буыным “көп” сөзінің антонимі

Екінші буыным “тілсіз жау”, ал өзім химиялық элементпін (азот)
ІІ сайыс «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (сайыс шарты: сұрақ қойылады, ал сіздер тек берілген үш әріпті пайдаланып жауап берулеріңіз қажет)
Шарты: Командаларға үш әріп беріледі. Әріптерді байланыстырып сұрақтарға жауап беру. (Мысалы Ж , А, Қ әріптері)
Ұстаздар тобына ( Ж , А, Қ әріптері)
1 сұрақ: Наурыз мерекесі қандай мейрам?
(жаңа жыл, ақ қар ериді, қыс кетеді)
2 сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?
(жал-жая, айран, қазы-қарта)
3 сұрақ: Кімге еркелейміз? (жолдасыма, анама, қызыма)
4 сұрақ: Тілек айтыңызшы? (жаман болма, қатты болма, ақ жол болсын)
Оқушылар тобына ( Т, Б, С әріптері)
1 сұрақ: Наурыз мейрамының ерекшелігі неде?
(таң тез атады, бүршік жарады, су ағады)
2 сұрақ: Ауылда адасу мүмкінбе?
(бәрі мүмкін, Серік адасты, тіпті мүмкін емес)
3 сұрақ: Арманыңызы не?
( сырға алу, тақия сатып алу, білім алу)
4 сұрақ: Қазақ тілі не үшін керек?
(білім алу, тапқыр болу, сөйлесу үшін.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет