Тақырыб: «Жаратылыстану әлемінде»



бет5/10
Дата13.01.2023
өлшемі79,61 Kb.
#165483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
АПТАЛЫК

Сайыстың мақсаты:          Мұғалімдер мен оқушы арасындағы байланысты нығайтушапшаңдыққа баулу. Оқушылардың химия, биология пәніне қызығушылығын, ынтасын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру, әділдікке,  намысқойлылыққа жетелеу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Жарайсыңдар» атты білгірлер мен тапқырлар кешіне қош келдіңіздер! Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сценадағы көрініс: хан тағында отырады, екі жағында екі нөкері желпеуішпен желпіп тұрады. Сұлтан алдында екі қыз бала шығыс би билейді.
Хан:– «Жалықтым» (дейді қолын бір сермеп, жан – жағына қарап жүреді).
Хан: – мүкін сенің басымды шабармын, уақытым қызық өтетін шығар – дейді
(сцена артында сиренаның дауысымен, шу басталып кетеді)
Хан нөкерлеріне қарап: – не жағдай, барып біліңдер!!!! – дейді хан.
(Екі ұл жүгіріп кетеді де, бір топ оқушылармен ұстаздарды алып келеді)
Хан: – мыналар неғылған балалар.
Оқушы (Ерсін): – біз Ушинский атындағы орта мектебінің оқушыларымыз.
Хан: – өздерің қызық киім киіп алған екенсіңдер. Біздің ғасырымызға қайдан келіп қалдыңдар?
Оқушы(Алмагүл)біз химия сабағында тәжерибе жасап отырғанбыз, көрші физика кабинетінде оқушылар машина уақытын жасап, ұстаздарға көрсетіп жатқан еді, бір кезде шу, дүрсіл естіліп біз осында келіп қалдық.
Хан: жарайды түсінікті. Енді маған құлақ салыңыздар, егерде мені қызықтырып, таңғалдырсаңдар өз замандарыңызға қайтарам.
Оқушылар: олай болмаса ше………..
Хан: олай болмаса бастарыңмен қош айтысасыздар.
Ұстаздар: ендеше сайысымызды бастайық
Хан: сайыстарыңызды бастамас бұрын менің сусыным бітіп қалды, маған сары…жоқ қызыл түсті сусын даярлап беріңіздер. (оқушылар реакция орындап, қызыл түсті сусын дайындап береді де ханға ұсынады)
Сонда Таншолпан : тоқтаңыз сұлтан түсі бар сусын ішкен адам ағзасына зиян, ақ су ішкен пайдалы (дейді де сусынды ағартады.) мінекей ішіңіз.
(осы кезде оқушылар бір дөңгелек үстелге қарама-қарсы дөңгелек үстелге ұстаздар отырады)
Жүргізуші: Уа, Халайық, халайық,
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде
есеп шешіп , аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып
Көнілді кеш жасайық! – деп алған білім, өлең-жыр, жұмбақ, өнерімізді барымызды ортаға салайық.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырыпәділқазы алқаларын таныстырып өтейік:
Жүргізуші: Сәлем бер, елге сәлем бер,
Таныстыр көпке атыңды
Сәлем бер, көпке сәлем бер
Шығаршы кәне атыңды – дей келе
Алдарыңызда Мұғалімдерден құрылған «Ойшылдар» тобы.
Оқушылардан құрылған «Күн әлемі» тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет