Тақырыб: «Жаратылыстану әлемінде»


Сергіту сәті: «Кім өнерлі»



бет3/10
Дата13.01.2023
өлшемі79,61 Kb.
#165483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
АПТАЛЫК

Сергіту сәті: «Кім өнерлі»
(Көрермен оқушылар бір- бірден конверт алып, ішінде тапсырма жазылған,соны образға еніп, қимылмен көрсету керек)
1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет
2 Судан шығып қалған балық
3. Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу
4.Мысықтан қорқып қашқан тышқан 
5 Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу

Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер 
ІІІ кезең: «Таңғажайып алаң»
«Қара жәшік». Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 


1-топқа: Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл жеміс ғажайып күшке ие. Ертеде гректер бұл жемісті Дионистің көз жасынан пайда болған деп есептеген. Кейде бұл жемісті «барлық жемістердің патшасы» деген. Себебі ол патшаның тағын еске түсіреді. Бұл қандай жеміс? (Ж: Анар)

2-топқа: «Қара жәшік»


Бұл затты батырлар кеудесіне тұмар есебінде таққан. Ол батырды жебеден және қылыштан сақтайды деп ойлаған. Барлық уақытта бұл емдік мақсатта пайдаланған. Орта ғасырларда оның иісі әр түрлі аурулардан сақтаған. Ол не? (Ж: Пияз)

3-топқа: «Қара жәшік»


Бұл жәндік өмірінің барлық кезінде өзінің қызыметін өзгертіп отырады. Алдымен ол бала күтуші, содан кейін қоймашы, одан кейін барлығына қызымет көрсетеді, аулашы, еден жуушы, қалдық тазалаушы, химиялық тазалықшы, содан соң құрылысшы, күзетші, соңында негізгі қызыметін атқарады. Бұл не? (Ж: Ара)


Ән: «Туған жер» орындайтын 8 «А» сынып оқушысы Көшербаева Альфия


1 -жүргізуші: Физика терең ойлап, көп толғанды, тәжірибе жасап, көз жеткізгенді жақсы көретін пән, асығыстықты, жалқаулықты сүймейді.
2 -жүргізуші: Ал достар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызық та ғажайып әлемге саяхат жасайық!
ІҮ кезең: «Ғажайып тәжірибелер»
1. Тәжірибе: Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
Жауабы: Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
2. Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?(Шар электрленеді.)
3. Үріліп жіпке байланған екі шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатамыз. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (Аттас зарядтар тебіледі.)
4. Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)
5. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)
6. Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.
Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Биік-биік асулардан көрініп,тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек білдіреміз. Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, қорытындысын шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет