Қ.Қалыбеков атындағы орта мектеп
Тақырыб:
«Жаратылыстану әлемінде»
(Қорытынды кеш)
Сынып: 8-9-10-11
Өткізген: Бірлестік мүшелері
2016-2017 оқу жылы
Бекітемін:..............................
Мектеп директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары Хисметуллина Э.Н.
Күні: 17.02.2017 жыл
Тақырыбы: Жаратылыстану пәндері бойынша «Жаратылыстану әлемінде» атты ойыны
Мақсаттары:1.Білімділік: Жаратылыстану пәндері (химия, биология, география, физика) бойынша оқушылардың танымдық ой-өрістерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Химия, биология , география, физика пәндерінен алған білімдерін дамыту;
3.Тәрбиелік: Ойын негізінде пәндерге қызығушылықтарын арттырып, жылдам ойлауға, шапшаңдыққа, жинақылыққы үйрету.
Көрнекіліктер:Интерактивті тақтадағы слайдтар,тәжірибе құрал-жабдықтары, т.б
Түрі: Жарыс-ойын;
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, Көз жетпейтін мұнарасы тым биік атты гоеграфия, биология , химия, физика апталығында өткелі отырған «Жаратылыстану әлемінде» атты танымдық сайысына қош келдіңіздер.
Жоспары:
І БӨЛІМ
Ұйымдастыру.
«Казино» ойыны. Көрерменге сұрақ.
Шарты: Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар ортаға шақырылып (12 оқушы) «Молекула» әдісімен топқа (3 топ) бөлінеді.
1. Заттардың агрегеттық күйлері / сұйық, қатты, газ/
2. Бамбук талшығынан не жасайды?/қағаз/
3. Панта қай жануардың мүйізінен алынады?/марал/
4. Ең созылғыш металл/темір/
5. Ең улы саңырауқұлақ/ шыбынжұт, бозғылт арамқұлақ, алдама томарқұлақ, тілікқұлақ, жалған түлкіжем /
6. Каспий теңізінің дүние жүзілік мұхит деңгейінен биіктігі/ 28 м төмен жатыр /
7. Қай элементтің жетіспеуінен тіс ауруға ұшырайды/кальций, фтор /
8. Қазақстанның шекарасының ұзындығы / 13394 км /
9. Шынының балқуы қай құбылысқа жатады? /физикалық /
10. Лалагүл тұқымдастарынан не алынады? /эфир майлары /
11. Астана қаласы қай өзеннің бойында жатыр?/Есіл/
12. Қай элемент бактерияларды өлтіріп, денсаулығымызды қорғайды?/хлор, күміс/
Әр топ өздерін таныстырып болған соң, оқушыларға география, химия, биология , физика пәндерінен кезек-кезек кезеңдерге бөлініп сұрақтар беріледі.
Берілген уақыт ішінде қойылған сұрақтарға мүмкіндігінше жылдам, дұрыс жауап беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |