Облыстың солтүстік бөлігінде Оңтүстік Балқаштың шөлді тегістігі бар, бұл жерде көбінесе құйылмалы құм сілемдері, тұзды, топырақты сор жерлер, тақырлар дамыған. Мұнда сексеуіл өседі, үстіңгі қабаты сор
Облыстың солтүстік бөлігінде Оңтүстік Балқаштың шөлді тегістігі бар, бұл жерде көбінесе құйылмалы құм сілемдері, тұзды, топырақты сор жерлер, тақырлар дамыған. Мұнда сексеуіл өседі, үстіңгі қабаты сортаң топырақты.
Балқаш көлінің және Іле жағалауында қалың қамыс өскен, тоғай орман алқаптары кездеседі. Құмды шетте жыңғыр мен шенгел өседі.
Тау алды тегістігінде теңіз деңгеінің биіктігі 500 м –ден 800м дейін, дәнді- алқап дала белдеуі орналасқан. Дәнді-алқап даласының негізгі сілемдері Іле Алатауында таралған, сонымен қатар Кеген, Текес және Шалқұдұсу өңірлерінде тараған.
Тау бөктері биіктігінде 1200-ден 1800-1900 м дейін әр түрлі шөп пен дәнді дақыл даласы (қарағай, терек, рауаш,атқонақ даласы және т.б) және жапырақты орман өседі. Көлеңке беткейінде бұталар, итмұрындар, бөріқарақаттар, долананлар өседі. Бұдан олар жабайы алма, өрік, көк терек, үйеңкі ормандарына ауысады.
Тау бөктері биіктігінде 1200-ден 1800-1900 м дейін әр түрлі шөп пен дәнді дақыл даласы (қарағай, терек, рауаш,атқонақ даласы және т.б) және жапырақты орман өседі. Көлеңке беткейінде бұталар, итмұрындар, бөріқарақаттар, долананлар өседі. Бұдан олар жабайы алма, өрік, көк терек, үйеңкі ормандарына ауысады.
Бұл белдеудің жоғарғы бөлігінде жапырақты орман алқабы алып жатыр. Оларға: алма, шетен, өрік, үйеңкі, көк терек және қара мойылдар жатады.
Субальпілік өсімдік белдеуі 2600-ден 3100 м биіктікте орналасқан. Ол барлық жоталардағы биік таулы учаскілерін алып жатыр. Орман жайылымынан альпілікке ауысады. Көне тұқымдастар өсімдіктер аз көлемде өседі. Белдеудің жоғарғы шекарасынан көне аршалар кездеседі. Белдеудің төменгі бөлігінде тянь-шань шыршаларынының жеке түрлері кездеседі. Альпілік өсімдіктер Іле Алатауында, Жоңғар Алатауында, Күнгей және Терек Алатауында, Кетмен жотасының биік таулы белдеуінде өседі. Альпілік пішен жайылымы ең төменгісі – 30-20 см дейін.
Жануарлар дүниесі
Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, маринка, алабұға, аққайраң т.б. балықтар бар.