Таным процестері : зейін , қабылдау ,түйсік , ойлау , сөйлеу , ес , қиял , елес Эмоцианалды – ерк процестері :эмоция , сезім , ерік Психикалық процестер
Зейін
Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі.
Түйсік
Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы.
Ойлау
Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген.
Кітаппен қызы. Жозе Феррас де Алмейда Жуниор
Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді.
Сөйлеу
Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді.
Қиял Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Таным теориясы
Эпистемология немесе гносеология немесе таным теориясы— философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы.
Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім.
Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
Таным
Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі.
Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған.
Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс.
Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі.
Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.
Таным теориясы немесе Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе зерттеледі.
. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды
Қазіргі уақытта танымдық іс-әрекет психологияда, жоғары нерв қызметінің физиологиясында және т.б. әләмдерінде ғылым тарихында зерттеледі. Соңғы жылдары психологияда когнитивтік немесе танымдық психология деген бағыт пайда болды Танымдық психологиялық бағытта ең бастысы компьютермен аналогия болып табылады. Негізгі мақсаты-белгілі бір жүйедегі информация ағының қозғалысын бақылау. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс-әрекетінің немесе онық тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. 1
2
3
4