Ойлау мәселелерді шешу процесі ретінде: ойлау процесінің құрылымы мен динамикасы
Мәселелеоді шешу ойлаудың басты бір ерекшеліктері. Ой әрекетінің басталуы және барысы жаңа мақсат, жаңа проблема, жаңа жағдайлар мен шарттардың пайда болуымен байланысты. Осы шақта ой әрекетінің ескі, бұрынғы құралдары мен тәсілдері керек болса да, жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз. Мысалы, оқушылар бастауыштың не екенін оқып білдік делік, ал енді баяндауышты түсініп білу үшін, әрине бастауыш туралы түсінікті пайдалану қажет, бірақ ол жеткіліксіз болады. Баяндауышты түсініп білу үшін жаңа ережемен танысу керек. Сөйтіп ойлау ізденіс арқылы жаңалықты ашу. Егерде мақсатты орындаудан бұрыннан белгілі әрекеттің әдістері жеткілікті болса, онда ойлаудың қажеті жоқ.
Мәселені шешуді айыра білу қажет. Біріншісі адам бір түсініксіз, көмескі, қобалжытатын нәрсемен кездескен шақта болады. Мәселені шешу осы проблемалық ситуациядан пайда болып, есепте белгілі деректерді және ізденіс жасайтын білмейтінді алдын ала шамалап, бірінен бірін бөліп алудан басталады. Осындай талдау әрекеті мәселені шешудің шарттары мен сұрақтарын сөзбен баяндаумен аяқталады.
Ойлаудың мәселе шешуге бағытталуы оған проблемалық ізденгіштік сипат береді. Бұл , ойпроцестерінің ең елеулі белгісі. Егер адам одан сұрайтын нәрсені білетін болса, онда ол ойланбайды. Ол есінде сақталған, бұрыннан бар білімін пайдаланады. Ойлау проблемалар, міндеттер бар болғандықтан туады да белгісіздіктен, түсініксіздіктен белгілілікке, түсініктілікке қарай қозғалу болып есептеледі.
Ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып, адам бір нәрсені білгісі, сырын ашқысы келеді. Мұндай қажеттілік көбінесе адам бір жаңа заттармен түсініксіз жайттармен кездеседі. Ойлау құбылыстар арасындағы тікелей қабылдауға бола қоймайтын байланыстарды, тәуелділіктерді шешуге бағытталады. Ізделінетін нәрсенің айқындығы әдетте жобалап шешуден болжаудан көрінеді. Қойылған міндетті шешуге кіріскенде адам өзінің ақыл-ой еңбегінің берер жемісін елестете алады.
Мәселе нақты болса,міндет те нақты болады, соның нәтижесінде оны шешуге арналған ізденісте дұрыс және дәл бағыт алады. Сондықтан міндетті нақтылап анықтау-оны шешу үшін жасалған алғашқы қадам болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |