Білімділік:Оқушыларға цилиндр, оның элементтері ,түрлері және қималары туралы өткен тақырыптарын естеріне түсіру.
Дамытушылық: Цилиндрдың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын табуға және қималарына есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшандық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Цилиндрдің өмірде қолданылуы туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Цилиндрдің өмірде қолданылуын түсінеді. Формулалар мен ережелерді қолданып есептер шығаруға дағдыланады.