Созылмалы жәй пульпит және гангренозды қабыну пульпиті өршиді. Өршитін жағдайлар:микроптық патогендігінің жоғары болуы,микроорганикалық қорғаныс қабілетінің төмендеуі. Субективті белгілері:іріңді жедел қабынуына ұқсас,себепті тіс өз беьтімен ауырады,солқылдап немесе сыздап ауырып,ол нерв тармағына таралады. Ол істе қатты тамақ шайнағанда күшейеді. Бұл белгңі өршудің даму уақытына байланысты. Өршу басталған кезде ауыру езімі қатты тамақтан болмауы мүмкін. Ауру тарихында созылмалы гангренозды немесе жәй қабынуға тән белгілері анықталады. Көргенде үлкен терең тісжегі қуысы,жұмсарған дентин білінеді,ас қалдығын тазалағанда сауыт қуысы ашық,ал ейде байланыс болмауыда мүмкін. Егер сауыт қуысы ашы,созылмалы жай қабыну өршіген болса,ұлпа қызыл қоңыр түсті, шұқығанда ауырады. Кей жағдайда ұлпа толық ыдырап,өлеттенуі де мүмкін.
Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі
Достарыңызбен бөлісу: |