Биомедициналық зерттеулердің реттеу жұмысың атқаратың халықаралық ұйымдар -
- Адамның қатысуымен өтетін биомедициналық зерттеулерді реттеу, оның құқығы мен құндылығын қорғау, ұлттық стратегиялар мен биоэтикалық қызметтің даму бағдарламалары ретінде алға шығатын заманауи жағдайларда халықаралық құжаттар арқасында жүзеге асырылады. Заманауи медицинаның және биомедициналық технологиялардың белсенді дамуы, денсаулық сақтау салаларында қандай құндылықтар басым болулары керек, биомедициналық ізденістерден қандай табыстар мен мүмкін болатын залалды күтуге болады және т.б. сұрақтардың қатары халықаралық құжаттармен реттеледі. Осы кұжаттарды Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы, білім беру туралы БҰҰ, ғылым мен мәдениет (ЮНЕСКО), Еуропа Кеңесі, Еуропалық одақ, Бүкіләлемдік медициналық ассоциация (БМА), Медициналық ғылыми қоғамдардың халықаралық кеңесі (CIOMS) және т.б. сияқты халықаралық ұйымдар даиндайды.
Биомедициналық зерттеулер бойынша негіз салушы құжаттар: : - – «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (БҰҰ, 1948 ж.);
- –«Женевалық декларация: Халықаралық дәрігер анты» (БХА, Бас Ассамблеялар 1948, 1968, 1983 жж.);
- –«Хельсинкилік Декларация» (БХА, Бас Ассамблеялар 1964, 1975, 1983, 1989, 1996, 2000, 2002 жж.);
- –«Медициналық этиканың Халықаралық Кодексі» (БХА, Бас Ассамблеялар 1949, 1968, 1983 жж.);
- –«Адам қатысуымен жүретін биомедициналық зерттеулердің этикасы бойынша Халықаралық нұсқау» (СIОМS, Женева, 1993 ж.);
- –«Еуропада емделушілердің құқықтарын ілгері жылжыту декларациясы» (БДҰ, 1994 ж.);
- – Гармонизациядан Халықаралық конференциямен даярланған «Тиісті клиникалық практика бойынша нұсқау», (ICH GCP, 1996 ж.);
- –«Адам геномы және адам құқығы туралы жалпыға бірдей декларация» (ЮНЕСКО, 1997 ж.);
Биомедициналық зерттеулер бойынша негіз салушы құжаттар: : - – Еуропалық Кеңеспен (1997 ж.) қабылданған, кейінгі «Қосымша хаттамалармен» «Биология мен медицина жетістіктерін пайдаланумен байланысты адамның құқықтары мен құндылықтарын қорғау туралы конвенция»,
- –биомедициналық зерттеулердің сараптамасын жүргізетін этика бойынша комитеттерге арналған ұсыныстар (БДҰ, 2000 ж.);
- –«Биоэтика мен адам құқығы туралы жалпыға бірдей декларация» (ЮНЕСКО, 2005 ж.) және басқа құжаттардың қатары;
- –биомедициналық зерттеулерді қозғайтын Биомедицина мен адам құқықтары туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосымша хаттама (2005 ж.);
- –шығу тегі адами биологиялық материалдарда жүргізілетін зерттеулерге қатысты Еуропалық Кеңестің ұсыныстары (2006 ж.).
Достарыңызбен бөлісу: |