Тақырыбы: Адам мен жануарларда жүргізілетін зерттеулерді реттеудің этикалық және құқықтық негіздері. Жоспары


Казақстандағы биомедициналық зерттеулерді қозғайтын нормативті-құқықтық құжаттардың базасы



бет4/7
Дата15.09.2022
өлшемі0,51 Mb.
#149606
1   2   3   4   5   6   7

Казақстандағы биомедициналық зерттеулерді қозғайтын нормативті-құқықтық құжаттардың базасы Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында өз көрінісін биоэтиканың негізгі принциптері мен нормалары тапқан нормативті-құқықтық құжаттардың жүйесі қалыптасады: 1. Қазақстан Республикасының Кодексі «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2. Экологиялық Кодекспен (2009), 3. «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы, 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты Тиісті лабораториялық практика (ҚР1613-2006- жануарларға тәжірибелер жүргізудің ережелері, бабының негізгі қағидалары). 5. ҚР ДС №744 19.11.2009ж бастап бұйрығы- ҚР адамдарға клиникалық зерттеулерді жүргізу мен медициналық тағайындалудағы бұйымдарды зерттеу ережелері.

Адамға жүргізілетін биомедициналық зерттеулердің негізгі ұстанымдары:

  • 1. Адамға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер жалпыға бірдей қабылданған ғылыми нормаларға бағынуы тиіс және мұқият орындалған лабораториялық тәжірибелерге, жануарларға жасалатын тәжірибелерге және ғылыми әдебиетті жете білуге негізделеді.
  • 2. Адамға жүргізілетін әрбір эскперименталды рәсімді жоспарлау мен орындау анық сипатталып, эксперимент хаттамасына енгізілуі тиіс. Бұл хаттама қарастыру, лицензиялау мен арнайы тағайындалған, зерттеу мен демеушіден тәуелсіз болатын зерттеу жүргізілетін мемлекет заңнамаларына және нормаларына сәйкес болатын комиссияның қарастырылуына берілуі керек.
  • 3. Адамға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер, жеткілікті түрде кликникалық тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен, тек қана білікті ғылыми қызметкерлер құрамымен жүргізілуі тиіс. Экспериментке қатысушы адам үшін жауапкершілік, ешқандай жағдайда да, тіпті экспериментке қатысушының өзі келісімін берсе де оған артылмайды, дәрігерге артылады.
  • 4. Адамға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер, эксперименттің маңыздылығы адам өмірі үшін қауіптілігін ақтамаса, заңды болып саналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет