Адамға жүргізілетін биомедициналық зерттеулердің негізгі ұстанымдары:
5. Әрбір биомедициналық зерттеу алдында экспериментке қатысушы үшін және басқа тұлғалар үшін мүмкін болатын қауіп пен күтілетін табыстарды мұқият салыстыру керек. Экспериментке қатысушының қызығушылықтары әрқашан ғылым мен қоғамның қажеттіліктерінен басым болуы тиіс.
6. Экспериментке қатысушының өз денсаулығын сақтауға деген құқығы әр уақытта ескерілуі қажет. Экспериментке қатысушының құпиясын сақтау үшін және оның физикалық және психикалық денсаулығы мен тұлғасына мүмкін болатын әсерін кеміту үшін барлық шаралар орындалуы тиіс.
7. Дәрігерлерге, мұндай зерттеумен байланысты қауіптілікті алдын ала болжай алмаса, адамға жүргізілетін зерттеулерден бас тарту керек. Алынатын пайдаға қарағанда қауіптіліктің дәрежесі жоғары болса, дәрігерлерге зерттеулерін тоқтатқан жөн.
8. Дәрігер өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялаған кезде дәл болуы тиіс. Берілген Декларацияда баяндалған принциптеріне сәйкес келмейтін есептер, жарияланымын қабылдамау керек.
Адамға жүргізілетін биомедициналық зерттеулердің негізгі ұстанымдары:
9. Адамға кез-келген зерттеулерді жүргізген кезде әрбір потенциалды қатысушы сәйкес түрде эксперименттің мақсаттары, әдістері, күтілетін нәтижелерін және потенциалды қауіптіліктері, эксперименттің жүргізілуінде мүмкін болатын қолайсыздықтар туралы ақпараттандырылуы керек. Экспериментке қатысушылар өздерінің экспериментке қатыспауға ерікті екендігі және эксперименттің кез-келген сәтінде қатысудан бас тартуына болатыны туралы ақпарат алулары тиіс. Содан соң, дәрігерге экспериментке қатысушыдан жазбаша түрде ерікті түрде ақпаратты келісімін алған жөн.
10. Егер де экспериментке қатысушы қандай да бір қысым астында болса, эксперименттің жүргізілуіне ақпаратты келісім ала отырып, дәрігер ерекше сақтық танытуы тиіс. Бұл жағдайда келісім, берілген зерттеуді жүргізуге қатыспайтын және онымен байланысты кез-келген қызмет бабынан бос болатын дәрігермен алынуы керек.
11. Экспериментке қатысушының құқықты қабілетсіздігінің жағдайында ұлттық заңнамаға сәйкес оның заңды қамқоршысынан ақпараттанған келісім алынуы тиіс. Егерде саналы түрде келісім беруге физикалық немесе психикалық жетіспеушілік мүмкін емес қылса немесе экспериментке қатысушы кәмелеттік жасқа толмаған болса, онда жауапкершілікті мойынына алатын туысқанының келісімі экспериментке қатысушының келісімінің қызметін атқарады. Бала кәмелеттік жасқа толмаған жағдайда фактты түрде келісім беруге қабілетті болса, оның келісімі заңды қамқоршысының келісіміне қосымша ретінде алынуы керек.
12. Зерттеудің хаттамасы берілген Декларацияда жария етілген ұстанымдар сақталғандығын дәлелдейтін, зерттеудің этика мәселелерін қарастыратын қағидалар әр уақытта зерттеу хаттамасына енуі тиіс.