Алматы технологиялық университети Тағамдық биотехнология кафедрасы ПӘН «Биоэтика және тағамдық биотехнологиядағы қауіпсіздік» Дәріскер: Алибаева Бахыт Насихатқызы
Дәріс № 8
Тақырыбы: Адам мен жануарларда жүргізілетін зерттеулерді реттеудің этикалық және құқықтық негіздері.
Жоспары.
Биомедициналық эксперимент және оның түрлері. Биомедициналық зерттеулердің тарихы.
2. Биомедициналық зерттеулер бойынша негіз салушы құжаттар.
3. Адамға қойылатын биомедициналық зерттеулердің негізгі ұстанымдары
Биомедициналық эксперимент — бұл физиологиялық және патологиялық үрдістердің ағымын өзгертетін, адамға жасалатың әр түрлі белсенді әсерлер, мысалы: фармакологиялық, хирургиялық, сәулелік және т.б. Экспериментің екі түрі анықталады: 1) тек ғылыми; 2) емдік. Біріншісінің мақсаты — адамзаттың игілігіне қол жеткізу, олардың көмегімен қандай да бір ғылыми мәселе шешу. Екіншілерінің, бұдан басқа, өздерінің тікелей мақсаты науқасты емдеу болып табылады. Біріншілері науқастарға да, сау адамдарға да жүргізіледі, екіншілері – тек науқастарға қойылады. Тек ғылыми және емдік эксперименттер белгілі бір қауіптілікпен байланысты болғандықтан, олардың моральдығын қамтамасыз ететін маңызды шарты – эксперименттерді алдымен жануарларға жүргізу болып табылады. Егер тәжірибе жүргізіліп жатқан жануарларда зерттеліп жатқан зат қандай да бір патологиялық өзгерістер тудырмаса және терапевттік қызығушылықты тудырса, оны клиникалық сынақтарға жібереді. Бұл эксперимент көрегендігінің алғашқы шарты. Кез келген медициналық эксперимент экспериментатордың жауапкершілігін жоғарылатады. Оны жүргізу тек тәжірибелі дәрігерлерге ғана сеніп тапсырылады. Экспериментатор-дәрігер жоғары мамандандырылған медициналық қызметшісі болуы тиіс.