Тақырыбы: Адамгершілік құндылықтар арқылы толерантты тұлға қалыптастыру Мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі70,93 Kb.
#24410
Калиева Назерке Багдатовна,

Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторы

Тақырыбы: Адамгершілік құндылықтар арқылы толерантты тұлға қалыптастыру

Мақсаты:

  • Толеранттылық ұғымын мектеп құндылықтарымен байланыстыра отырып ашып көрсету;

  • Адамгершілік құндылықтарды сыйлауға қабілетті жауапкершілігі зор азаматтар тәрбиелеу мақсатында оқушы бойындағы толерантты тұлғаның қасиеттерін дамыту;












Уақытты жоспарлау







Кіріспе бөлім

3 мин

Топқа бөлу

2 мин

4 мин


  • «Амандасу ритуалы» (әр түрлі елдің салтымен).

Балалар, әр халықтың өзіне тән амандасу салты қалыптасқан. Біз бүгін басқа халықтар ретінде өзімізді көрсетіп басқа халықтар сияқты амандасып көрейік!!! Сіздер алдын-ала өздеріңіз таңдап алған фигуралар арқылы ішкі және сыртқы шеңбер құрамыз. (домалақ-сыртқы, төртбұрыш-ішкі)

Қатысушылар екі шеңбер құрады, ішкі шеңбер орынында қалады, ал сыртқы сағат тіліне сәйкес жылжып отырады.

Геометриялық фигуралардың көмегімен қатысушыларды топқа бөлу;

Топқа бөліну барысында қатысушылар таңдаған фигураларына байланысты мінездемелерімен танысады. Өздері туралы жақсы пікір, позитивті көңіл-күй сыйлайды.





Тақырыпты ашу «Миға шабуыл»

http://mediakurs.kz/kz/video/223-toleranttylyq_degenimiz_ne



Куратордың кіріспе сөзі:

Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп, 
Және хақ жолы осы деп әділетті ...Абай атамыз жырлағандай бүгінгі кураторлық сағатымызда ұлы Абайдың осы сөздерін эпиграф ретінде алып отырмыз.Осы шумақтан нені түйдіңіздер?
-Иә, барша адамзатты нәсіліне, ұлтына , ұстанатын дініне қарамастан жақсы көріп, түсіністікпен қарап, өзіңдей қабылдау қасиетін бір сөзбен толеранттылық дейміз. 

Толеранттылық – бұл қайырымдылық.

Толеранттылық – бұл аяушылық таныту.

Толеранттылық – бұл құрметтей білу.

Толеранттылық – бұл мейірімділік таныту

Толеранттылық – бұл шыдамдылық.

Толеранттылық – бұл достық

Бұл - келісім мен ынтымақтастыққа апаратын жол



Презентациялық көрсетілім

Геометриялық фигуралар көрсетілген карточкалар

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігінің
видео-сабақ порталы



Негізгі бөлім
10 мин

7 мин


Топтық жұмыс барысында «Толеранттылық» түсінігін психологиялық, діни және саяси жақтарынан қарастырып талдайды
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді: дінтанушылар, психологтар және саясаттанушылар;
1-топ «Дінтанушылар»

2- топ «Психологтар»


3-топ «Саясаттанушылар»

«Толерантты тұлға сипаттары»

Оқушыларға күннің шуақтары салынған конверттер таратылады. Ол шуақтарда тұлғалық сипаттар жазылған. Оқушылар өздерінің ойларынша толерантты тұлғаға сәйкес келетін қасиеттерді таңдаулары тиіс.



1 Конверт : мейірімділік, сыйласымдылық, эгоизм, түсіністік, ашу, қатігездік, жан ашырлық, өзара түсіністік, сараңдық, шынайылық, махаббат;

2 Конверт : қолдау көрсету, жала, аямшақтық, кеңпейілділік, қызғаныш, теңдік, келісім, қайырымдылық, ызақорлық, бейбітшілік, кешірім, бірлік, бауырмалдық, әдепсіздік;

3 Конверт: құрмет, ынтымақтастық, көпшілдік, жауапкершілік, өмір бойы білім алу, ашықтық, азаматтық жауапкершілік, адалдық.

Оқушылар күннің суреті салынған плакатқа толерантты тұлғаның қасиеттері жазылған күн шуақтарын жабыстырады.



Сұрақтар:

  • Ал енді ойланыңдаршы, біздің барлығымыздың бойымызда осы құндылықтар бар деп ойлайсыңдарма? Қиын сәттерде бір-бірімізді түсініп қақтығыстарды бейбітшілік жолмен шеше аламызба?

  • Біз өзімізді өзгерте аламызба? Аталған құндылықтарды өз бойымызда тәрбиелей аламызба?

Постермен жұмыс

Күн шуақтары салынған конверттер




Қорытынды бөлім

7 мин


«Ойлан, жұптас, пікірлес» - интербелсенді әдісі

“Толерантты болу дегеніміз........» берілген сұраққа әрбір топ оқушысы жеке өз ойларымен пікірін берілген уақыт ішінде қағазға түсіреді. Содан кейін топ мүшелері жазылған сөздерін 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі, қорытындылайды. Сыныпқа жариялайды;



Аудиотыңдалым

Постермен жұмыс







Рефлексия

4 мин




«Бес саусақ тәсілі»

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді,осыдан соң олар сабақ туралы мынадай сұрақтарға жауап беріп салынған саусақтарына жазады.

Бас бармақ- басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Екінші саусақ- бірлесу. Мен топта, жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Үшінші саусақ-ойлану. Мен бүгін қандай біліммен тәжірибе алдым?

Төртінші саусақ- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?



Бесінші саусақ- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
глобустың жан-жағына жабыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет