Қорытынды: “Сандықша” сұрақтары
Мұғалімі: сандықшаның ішінде Ахмет атаның мысалында кездесетін зат жатыр. Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не?
Балалар: Айна
Ал мына затты кейіпкер ем үшін киемін деп алады.
Балалар:Көзілдірік
Мына затты пайдаланған мысал кейіпкері байлыққа құнығып кетеді.
Балалар: Әмиян
А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағының “Маса” деп аталуының себебі неде?
(Өлеңдерін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға тырысты)
Я құдайым! Аққа жақ!
Өзіңе аян- мен нақақ.
Аққа деген жолымның
Абыройын ашпай, жап! - бұл шумақтар қай өлеңнен алынған?
(“Тілек- батам”)
2. Жас Ахметтің жүрегіне жара түсіріп, “Анама хат” өлеңінің жарық көруіне себеп болған қандай оқиға?
(Патша чиновниктерімен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық- зомбылығы)
3. Әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде Москвада жарық көрген кітабы?
(“Ер Сайын” жыры)
4.“Қазақ қалпы” өлеңінде Ахмет Байтұрсынов қазақ елін неге теңейді?
(Теңізде жүзіп жүрген еспесіз қалтылдақ қайыққа теңейді)
5. А. Байтұрсыновтың “Ақын ініме” өлеңі кімге арналған?
(Міржақып Дулатовқа арналған)
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
1. А. Байтұрсынов қай жылы дүниеге келген?
(1873 жылы)
2. Қай қалада мұғалімдік мектепте оқып, білім алған?
(Орынбор)
3. А. Байтұрсынов қай газетке редактор болған?
(“Қазақ” газеті)
Мұғалім: Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі тәрбие сағатын осымен аяқтайық.
Келгендеріңізге рахмет, қадамдарыңызға гүл бітсін!
Сабақтың тақырыбы: «Ахмет - сөз көсемі»
Сабақтың мақсаты:
1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.
2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, кітаптары, ақын туралы жазылған сөздер.
Сабақтың барысы:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті, ұстаздар, оқушылар. «Тіл - ғасыр аманаты» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткелі отырған «Ахмет - сөз көсемі» атты танымдық сабағымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сабағымыз 4 бөлімнен тұрады.
І бөлім. Ахмет Байтұрсынов - ағартушы.
ІІ бөлім. Ахмет Байтұрсынов – ғалым.
ІІІ бөлім. Ахмет Байтұрсынов - ақын, аудармашы.
ІҮ бөлім. Ахмет Байтұрсынов - көсемсөзші.
Сабағымыздың I бөлімі.
ІІ жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан төңкерісіне дейін де, одан кейін де аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны ерекше зор тұлға. Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, қазақ халқының «рухани көсемі» болған Ахмет Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді.
I жүргізуші: Ол - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсаты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап - танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе» мен түңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор
Келесі кезекте оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылығына тоқталады. (5 оқушы)
Сабағымыздың II бөлімі.
I жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов - қыры мен сыры мейлінше мол адам. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың «Әліп - биімен» ашып, ана тілін «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді. Ахмет Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да айтарлықтай болды.
II жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған түңғыш зерттеу жұмысы.
(7 оқушы ғылыми еңбектеріне шолу жасайды)..
Сабағымыздың III бөлімін бастаймыз
I жүргізуші: 1927 жылы Смағүл Садуақасов Ахмет Байтұрсыновты профессионал ақын деуден гөрі ірі қоғам қайраткері және ғалым деп тану дұрысырақ деп жазған болатын. Әйтсе де, Ахмет Байтұрсыновтың таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екенін танытады
II жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов - ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері «Қырық мысал», «Маса», «Үзік» деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған.
(3 оқушы ақындығына шолу жасайды және өлеңдерін жатқа айтады)
I жүргізуші; Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарады.
II жүргізуші: Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық - зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып - тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді.
(3 оқушы мысалдары туралы айтады, З оқушы мысал айтады)
Сабағымыздың ІҮ бөлімі.
I жүргізуші: Өз кезеңі үшін орны зор, мәні үлкен ұлттық баспасөз органдары -«Қазақ» газетінің редакторы болған, «Айқап» журналының беттерінде жиі - жиі ой - пікірлерін білдіріп отырған, қоғам тағдырына үңіле білген Ахмет Байтұрсыновтың публицистикаға бармауы мүмкін емес еді.
II жүргізуші: Өйткені публицистика дегеніміз әлеуметтік көкейтесті мәселелерді сөз етіп, қоғамдық ой - пікірге ықпал жасайтын әдебиет жанры болса және ол көбіне - көп баспасөзде көрінетін болса, бұл екі шарттың екеуі де А. Байтұрсыновтың публицистикадағы орнын тауып береді. (3 оқушы шолу жасайды)
I жүргізуші: Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов, біріншіден, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Екіншіден, араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы. Үшіншіден, қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог, тарихшы ғалым. Төртіншіден, ол қазақ халқына адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.
ІІ жүргізуші: Міне, Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі үркердей шағын топ - демократтық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі, бір емес екі рет заңсыз жазғырылып, сталиндік саясаттың құрбаны болған Ахмет Байтұрсыновты осылай танимыз.
«Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсыновт
ың туғанына 145 жыл толу мерей
тойына арналған әдеби кеш
Залдың безендірілуі:
А. Байтұрсыновтың портреті, кітап көрмесі,
мысал өлеңдері,
мына эпиграф жазылған плакат: “Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”.
Әбіш Кекілбаев
Кештің барысы:
Мұғалім:
Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол, ұстаздар!
Білім құмар өсер ұрпақ!
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145
жыл толған мерейлі жыл.
Оған қоса Елімізде әр жылы тойланатын 22 қыркүйек «Тіл мерекесі» кү
ні.Мерекелеріңіз құтты болсын! Біз осы қос мерекеге орай, бүгін әдеби кеш оздырғалы отырмыз. Сіздерден кешке белсене қатысып, жақсы өтуіне ат салысуларың сұралады. Ендеше кешімізді ашық деп жариялаймын.
Көркемсөз оқушы:
Адамдық диқаншысы қырға шықтым;
Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
А. Байтұрсынов
Мұғалім
:
А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.
Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да еңбек етті.Оның
“Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы… Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған.
Өмірбаяншы
:
Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.
Көркемсөз оқушы:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,
Сап- сары аяқтары ұзын маса,
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Өмірбаяншы
:
А. Байтұрсынұлы
қазіргі Қост
анай облысы, Торғай қаласында
, Сартүбек деген жер
де ел арасында беделді
кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1973 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының озбырлығына шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу
ға әкеп соғады. Ахметтің әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуға білімі бар ешкімді таба алмаған. Сол уақытта оның Ахметке берген ақылы, өтініші:
“Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын”
деген екен.
Өмірбаяншы
:
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.
1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |