1-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы... Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.
4-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А:В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
2-жүргізуші: Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толған мерейлі жыл.
5-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
1-оқушы: Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген ос барым.
Қанағат азға деген , жоққа-сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым!
2-оқушы
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса , кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдар,
Жаратпай қайсібірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.
.
3-оқушы: -Қазағым , елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып» деп халқын келешекке бастаған ақынды ашындырған-патша заманының зұлым саясаты, зорлық-зомбылығы,қорлығы еді.
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы
2 / 4
Сабақтың мақсаты:
· Білімділік: оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы баяндау, мақалаларына талдау жасау, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін қорытындылауға үйрету;
· Дамытушылық: сұрақ-тапсырма, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдылану, өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыландыру;
· Тәрбиелік: оқушыларды ақын шығармашылығына құрметпен қарауға үйрету, өмірде өз орны бар азамат етіп тәрбиелеу, бойына асыл қасиеттерді сіңіре білу, адамгершілікке, имандылыққа, мейірімділікке баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |