Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ассоциация, зерттеу
Сабақ түрі:білімді жүйелеу, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: А.Байтұрсынұлы шығармалары, «Ақжол» кітабы, кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география.
Мысал өлеңдері: И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды,1909 жылы «Қырық мысал» деген атпен Петербургте басылып шықты.А.Байтұрсынұлы аудармалары пішін жағынан ғана емес,түпкі идеясымен, қазақ еліне таныс бейнелерді суреттермен көрсету арқылы ерекшелінеді.
-«Аққу,шортан,һәм шаян»
-«Қасқыр мен қозы»
-«Қайырымды түлкі»
-«Ала қойлар»
-«Үлес»
-«Қартайған арыстан»
-«Өгіз бен Бақа»
3 / 4
-«Қайыршы мен Қыдыр»
-«Ат пен есек» т.б
А.Байтұрсынұлы аудармаларының ерекшеліктері:
1. Сюжетті И.А.Крылов өлеңіндегідей болғанымен, қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады.
2.Ой түйінін беруде қазақ мақал-мәтелдерін пайданалынады. («Адамның басы – Алланың добы», «Жазмыштан озмыш болмас» т.б.)
3. А.Байтұрсынұлы мысалдары И.А.Крыловтың мысалдарынан көлемі жағынан да үлкен.(«Қасқыр мен тырна» – орысшада 19, қазақшада 36 жол, «Шымшық пен көгершін» орысшада 10, қазақшада 32 жол.
«Ақынның өлеңдері» деген тақырып бойынша «Маса» жинағын талқылау.
1913 ж. «Қазақ» атты газет шығару қолға алынады. Газеттің редакторына, бас сарапшылығына Ахмет Байтұрсынов тағайындалады. 1913 жылдың басынан 1917 жылға дейін осы газеттің бас редакторы болып А.Байтұрсынұлы зор еңбек атқарады.Ол 8000 тиражбен жарық көріп тұрады. Алғашқы нөмірде оның мақсаты айқындалды:
– жұрт пайдасына көз болу,
– қазақ арасына ғылым мен өнердің жайылуына басшылық ету,
– оқу, оқыту, мектеп т.б әдебиет туралы жол көрсету т.б.
Патша өкіметі «Қазақ» газетінің шығуын әу бастан-ақ қолдаған жоқ. Бірнеше рет әкімшілік айыппұлдар салып, оның редакторын қазақтың біртуар ұлын А.Байтұрсынұлы түрмеге жапты. Газет бетіндегі әр сөз, әр мақала сол кездегі қазақ үшін ғана емес, қазіргі қазақ үшін де өте керек,өте қажет. «Қазақ» газеті қазақша ойлауға, қазақша сөйлеуге үйретіп, ұлттық саясаттың басы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |