Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы


Король – Абдалла ибн Абдель Азиз  Мемлекеттік діні



Pdf көрінісі
бет27/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

Король
– Абдалла ибн Абдель Азиз 
Мемлекеттік діні
– ислам
Территориясы
- 2 149 000 км² (дүние жүзінде 12-ші) 
Халқы 
- 26 534 504 адам (2012 ж.), тығыздығы – 12адам/км² 
Ақша бірлігі
- Саудлық риал 
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі елдің ішкі және 
сыртқы саясаты жаңа, мұнай, факторының ықпалымен анықталды. 
Бірнеше жылдың ішінде ғана кедей корольдік қуатты мұнай 
экспорттаушы елге айналады. 1945 жылдың аяғында АРАМКО (Араб-
американ компаниясы) мұнай ӛнеркәсібінің тӛрт ірі орнын – 
Даммамада, Абу-Хадриде, Абкайкада және Эль-Катифта ашады. 1951 
жылы мамыр айында Парсы шығанағындағы құрлықтық шельфтегі ірі 
мұнайлы резервуар – Сафания табылады. 1950 жылы дүниежүзіндегі 
ең ірі құрлықтағы мұнай кен орны – ұзындығы шамамен 240 км., ені 
35 км. Гавар ашылады. Рас-Таннурдағы мұнай порты кеңейтілді, онда 
орналасқан мұнай ӛңдеу зауытының қуаттылығы арттырылды. Мұнай 
ӛнімдерінің тағы екі зауыты салынды – Джиддада және Эр-Риядта.
1948 жылы АРАМКО Сауд Аравиясы мен Кувейт арасындағы 
бейтарап аймақтағы, сондай-ақ Эль-Хаса жағалауындағы құрлықтық 
шельфтің Сауд Аравиялық бӛлігіндегі концессияға құқықтан бас 
тартты. Басты себеп Сауд Аравиясына тиесілі құрлықтық шельфтегі 
ірі мұнай кен орнының ашылуы болды. Сауд Аравиясында ӛндірілген 
мұнай АРАМКО-ға АҚШ-та ӛндірілетін мұнайдан шамамен 10 есе 
және Венесуэлада ӛндірілетін мұнайдан 5 есе арзанға шықты. Сауд 
Аравиялық үкіметке салық тӛлегеннен кейінгі АРАМКО-ның таза 
табысы 1950 ж.ж. 2,5 млрд.долларды құрады. 1950 жылы 3 
желтоқсандағы шиеленісті келіссӛздерден кейін мұнай сатудан түскен 
табыстарға салық енгізуді және «фифти-фифти» принципін – табысты 


155 
формальды түрде тең бӛлуді жүзеге асыруды қарастырған жаңа 
келісім жасалды. 
Алайда ұзақ уақыт бойы мұнай секторы шетелдік болып қала 
берді. Қалаларда ӛнеркәсіп болмады, ал қолӛнер әлсіз дамыды. Ауыл 
шаруашылығы аз санды оазистер шекарасымен шектелді. Ел 
халқының жартысына жуығын кӛшпелілер және жартылай 
кӛшпелілер құрады. Бірақ мал шаруашылығы бірқатар себептерге 
байланысты құлдырау жағдайында болды, және тайпалар ӛздерін 
үлкен қиындықпен азық-түлік ӛнімдерімен қамтамасыз етіп отырды. 
Оған қоса барлық Таяу Шығыста транспорттық құрал ретіндегі 
түйенің ролі тӛмендеді.
Корольдік табыстары бірінші кезекте билеуші отбасының және 
одақтық шейхтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға кеткен үлкен 
феодалдық поместье ретінде ӛмір сүруін жалғастырды.
1953 жылы 9 қарашада Эт-Таифте король Абдальазиз ибн Сауд 
қайтыс болады. Ол ӛз ӛмірінде бірнеше ондаған заңды әйелге ие 
болып, ӛзінен кейін 34 ұрпақ қалдырады. Монархтың тікелей 
ұрпақтарының жалпы саны 300 адамнан асты. Қаралы күнге жиналған 
жүздеген мұрагерлері Саудқа король ретінде және Фейсалға тақтың 
мұрагері ретінде ант береді. Жаңа король Фейсалға премьер-министр 
орынбасары және сыртқы істер министрі қызметін береді. Туыстас 
ағайындар арасындағы билік үшін күрес Абдальазиз ибн Сауд 
ӛлімінен кейін де жүрді, ӛмір бойы жалғасып келеді.
Король Сауд ибн Абдульазиз әкесі сияқты талантты болған жоқ. 
Мемлекеттік аппаратта парақорлық кең ӛріс алып, ел экономикалық 
дағдарыс шегінде тұрды. Ол бұрынғының заңдары бойынша ӛмір 
сүруін жалғастырды, кӛптеген гаремдарды және 5 мың адамнан 
тұратын сарай иеленді, мемлекеттік қазына ақшасына да кей кездері 
қол салды. Парақорлық мемлекеттік аппаратты жеп қойды, ел 1950 
ж.ж. ортасында суэцк дағдарысымен тереңдей түскен экономикалық 
банкроттық жағдайында тұрды.
Сауд Египеттегі революциялық ӛзгерістерді реалистік тұрғыдан 
қабыл алды және Г.А.Насердің жаңа режиміне тілектестікпен қарады. 
Ағылшын-француз-израиль агрессиясы кезеңінде Эр-Рияд Каирді 
қолдады және жеңілуші тарапқа әскери кӛмек кӛрсетуге дайындығы 
туралы жариялайды. Сауд Ұлыбритания және Франциямен дипло-
матиялық қатынастарын үзіп, ӛзінің бұрынғы батыстық одақтас-
тарына мұнай жіберуін тоқтатады және Египетке кӛмек ретінде үлкен 
кӛлемде 
сумма 
жібереді. 
Бірмезгілде 
Сауд 
Аравиясының 
революциялық Египетпен нығайған ынтымақтастығы Саудидтердің 
билеуші табымен және ықпалды ваххабиттер улемдерімен біржақты 
қолдау тапқан жоқ. Араб әлемінің екі жетекші мемлекеті арасындағы 


156 
қатынастар 1958 жылы Египет пен Сирияның Біріккен Араб 
Республикасының (БАР) құрамына қосылуынан кейін тоқтатылды. 
1958-1964 ж.ж. Сауд Аравиясының билеуші топтары дағдарысқа 
тап болады. Саудидтер тобының бір бӛлігі және жетекші улемдер 
сарай тӛңкерісін жасау қажеттілігіне мүдделі болды. 1958 жылы 24 
наурызда Фахд ибн Абдульазиз бастаған ханзадалардың бір тобы 
корольге билікті Фейсалға беру, қазынаны тонаудан қорғау туралы 
ультиматумды тапсырады. Король еш қарсылық танытпай, Фейсал 
ӛзінің қолына барлық әкімшілік билікті шоғырландырып, премьер-
министр болады. Алайда Сауд қаруын тастаған жоқ, ол тайпалық 
аристократиямен жақсы қатынаста болды, сыйлықтар таратып 
отырды.
Билік үшін созылған ӛзара күресте саяси аренада Саудидтер 
әулетінен шыққан басында ханзада Таляль ибн Абдульазиз болған 
насерлік бағыттағы жас «еркін әмірлер» тобының пайда болуы 
шешуші роль атқарды. 1960 жылы 21 желтоқсанда король Фейсалды 
биліктен шеттетіп, ӛзіне кабинет басшысы міндеттерін алады және 
ханзада Теляль мен оның жақтастарын маңызды министрлік 
қызметтерге тағайындайды. Сауд Аравиясының билеуші тобында 
билік үшін күресте қарсыласушы үш орталық пайда болады: кейбір 
ханзадаларға және тайпа шейхтарына арқа сүйеген король Сауд; басқа 
ханзадалардан кӛптеген улемдерден және хиджаздық кӛпестерден 
қолдау тапқан әмір Фейсал; шенеуніктердің бір бӛлігінің және 
қалыптасқан интеллигенция арасында беделге ие болған ханзада 
Таляль. 
Бұл кезде билік үшін күреске жаңа фактор ықпал ете бастады – 
корольдің денсаулық жағдайы. 1962 жылы наурыз айында монархтың 
денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты ол ресми түрде 
Фейсалды қайтадан үкімет басшысы етіп тағайындайды. Таляль және 
оның жақтастары Каирге эмиграциялануға мәжбүр болады.
1962 жылы қазан айында Фейсал БҰҰ-ның саудтық 
делегациясын бастап Нью-Йоркке барады. Ақ үйге сапары барысында 
АҚШ-ның қолдауына арқа сүйейді. Сауд Аравиясының ӛзінде 
ханзадалардың басым бӛлігі Саудтың биліктен толық шеттетілуін 
талап етіп қарсы шықты. Еуропаға емделуге кеткен Саудтың 
жоқтығын пайдаланған Фейсал билікті белсенді түрде қолына ала 
бастады. 31 қазанда ол жаңа үкімет құрып, феодалдық режимнің 
сақталуы және нығайтылуын қарастырған бағдарламаны жариялайды. 
1962 жылы 7 қарашада арнайы декрет арқылы құлдық жойылады.
1963 жылы 1 қаңтарда Фейсал үкіметі елде әскери жағдай 
енгізіп, реформистік бағыттағы опппозицияны жазалауды бастайды. 
Сәуір айында Европадан емделіп келген Сауд оқшауланып қалады. 


157 
Монархтың 39 жақын туыстары оған ультиматум жариялайды. 
Барлық билікті Фейсалға беруді талап етіп, Сауд тағы да номинальды 
түрде король атана отырып, елді тастап кетеді. Король кеткеннен 
кейін Фейсал оның балаларын үкіметтік қызметтерден босатып, 
оларды ӛзінің үш інілері – Халид, Фахд және Сұлтанмен 
алмастырады.
1964 жылдың басында Эр-Риядқа оралған Сауд мемлекетке 
бақылау орнатуды ӛзіне қайтару үшін бірқатар әрекеттер жасайды. 29 
наурызда улемдер барлық билікті Фейсалға беру туралы шешімді 
қолдайды, Саудта король титулы қалады. Осыдан кейін Министрлер 
Кеңесі Ұлттық (корольдік) гвардияға монархтың бақылауын шектейді. 
Мұрагер ханзада барлық корольдік басымдықтарды алды. 68 ханзада 
билікті Фейсалға беру туралы ӛтінішке қол қояды. 2 қарашада үкімет 
Фейсалды король деп жариялаған шешімге қол қояды. 4 қарашада Сауд 
тақтан бас тартып, 1965 жылы қаңтар айында түпкілікті елді тастап 
кетеді. Сол жылдың наурыз айында Фейсал жаңа мұрагер ханзада етіп 
ӛзінің жақын ағасы – ханзада Халидті тағайындады. 
1967 жылғы маусым айындағы соғыстағы Египеттің жеңілісі 
Сауд Аравиясының араб әлеміндегі позициясын күшейтті. 31 тамызда 
Хартумдағы араб елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының 
конференциясында король Фейсал Израиль әрекетінен неғұрлым жапа 
шеккен елдер ретінде Египет пен Иорданияға 50 млн. ф. стерл. 
кӛлемінде кӛмек кӛрсетуге келіседі. Конференцияда араб елдерінің 
таяушығыс мәселесін реттеудегі араб елдері саясатының жалпы 
принциптері жасалды.
1970 жылғы 28 қыркүйектегі Г.А.Насер ӛлімі Фейсалды араб 
әлеміндегі жетекшілік үшін күресін жандандыруға мәжбүр етті. Ӛз 
тарапынан Египеттің жаңа президенті саудлық субсидиялардың 
арттырылуын ойлаған А.Садат Сауд Аравиясымен кӛзқарастарын 
жақындастыруға мүдделі екендігін танытады. 1971 жылғы маусым 
айындағы корольдің Египетке сапарынан кейін Сауд Аравиясы Каирге 
30 млн. ф. стерл. кӛлемінде кӛмек кӛрсетіп, жыл сайынғы қаржылай 
кӛмек кӛлемін арттыруға уәде береді. Фейсалдың Каирге келесі сапары 
барысында (1973 ж., мамыр) Египетке армияны қайта қаруландыруға 
250 млн. ф.стерл. беру туралы келісімге қол жеткізіледі.
Араб ұлтшылдығы және ынтымақтастығы идеясын жақтамаған 
король Фейсал 1960 ж.ж. ӛзінде-ақ мұсылман елдерінің одағын Араб 
мемлекеттерінің Лигасына қарағанда неғұрлым ықпалды жасауды 
ойлап, «исламдық пакті» құру идеясын қозғады. Бұл ұсынысты тек 
Иран шахы М.Р.Пехлеви және Иордания королі Хусейн қолдады, 
мұсылман елдерінің басқа кӛсемдері Фейсал бастамасына қарсы 
шықты. Тек 1969 жылы ислам әлемінің маңыздылығы бойынша 


158 
үшінші Иерусалимдегі Аль-Акса мешітінің ӛртелуінен кейін Рабатта 
(Марокко) мұсылман елдерінің жоғары деңгейдегі конференциясы 
ӛтеді. Одан кейінгі жылдары ӛткен (1970, 1972) мұсылман елдерінің 
сыртқы істер министрлерінің конференциясында Джиддада 
бірауыздан Израильге қарсы «қасиетті соғыс» қорын құру туралы 
шешім қабылданады. 
1973 жылы 6 қазанда басталған араб-израиль соғысы барысында 
Сауд Аравиясы басшылығы израильге қарсы бағыт ұстану 
қажеттілігінен бас тарта алмайды. 9 қазанда сауд үкіметі армияны 
әскери дайындық жағдайына әкеліп, 14 қазанда әскери бӛлімді Сирияға 
кӛмекке аттандырады. 17 қазанда мұнай ӛндіруге бес пайыздық эмбарго 
енгізу және АҚШ-на мұнай жеткізуді тоқтату туралы шешім 
қабылдайды. «Мұнай қаруын» пайдалану, Сауд Аравиясының 
қаржылық қуаттылығының бірнеше есе арттырылуы корольдікті араб 
әлемінің консервативтік мемлекеттерінің кӛсеміне шығарды. 
1975 жылы 25 наурызда мұсылман мейрамын ӛткізу кезінде 
король Фейсал ӛзінің Америка университетінде білім алғаннан кейін 
еліне оралған жиені Фейсал ибн Мусаид қолынан қаза табады. Бұл 
ӛлімнің себептері әлі де ашылмаған күйінде қалып отыр. Король 
тағын бірмезгілде министрлер кабинетінің басшысы болған Халид 
иеленеді. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын премьер-
министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалған мұрагер 
ханзада Фахд анықтайды. Корольдіктегі үшінші тұлға Ұлттық 
гвардияны басқарушы Абдалла ибн Абдальазиз болды.
Эр-Рияд ӛзінің сыртқы одақтастарына қатысты саясатында 
тұрақты позицияны иеленуге тырысады. 1975 жылы Ливанда соғыс 
басталған кезеңде билеуші әулет оңшыл христиандық құрылым мен 
Палестиналық қарсыласу қозғалысына қолдау кӛрсетіп, екі жақты 
позиция ұстанады. Алайда Египет президенті Израильмен сепараттық 
келісім жасау бағытын ұстанып, 1977 жылы 19 қарашада 
оккупацияланған Иерусалимге баруы, ал 1979 жылы 26 наурызда 
Кэмп-Дэвид бейбіт келісіміне қол қоюы кезінде Эр-Рияд бірінші 
болып Каирмен дипломатиялық қатынастарын үзеді және оған 
қаржылай кӛмек кӛрсетуін тоқтатады.
1977 жылы король Халид пен президент Форд арасында 
жасалған келісім американ-сауд қатынастарын нығайтады. Сауд 
Аравиясы 1984 жылға дейін мұнай бағасын 5 пайыздан артық 
кӛтермеуге міндеттенеді. АҚШ, ӛз кезегінде, корольдікке сыртқы 
агрессия жағдайында әскери кӛмек кӛрсетуге кепілдік береді. 1980 
жылы Эр-Рияд АҚШ-нан 22 млрд. долларға қару-жараққа тапсырыс 
береді, ал 1981-1982 ж.ж. елдің әскери бюджеті 25 млрд. долларға 


159 
жетеді. Бұл кезде корольдіктің қарулы күштерінің жеке құрамы, 
Ұлттық гвардияны қоса, 150 мың адамды құрады. Батыс елдері 
билікке аятолла Хомейни режимінің келуінен кейін ирандық 
мұнайдан айырылған кезде мұнай ӛндіруді тәулігіне 10,3 
млн.баррельге дейін арттырды және әлемдік нарықтағы сұйық 
отынның жетіспеушілігін жойды.
1980 жылы қыркүйекте басталған иран-ирак соғысы Саудидтер 
тобын Парсы шығанағы княздықтарымен байланысын нығайту жолын 
іздеуге итермеледі. 1981 жылы 4 ақпанда Сауд Аравиясы 
астанасындағы кездесуде Парсы шығанағының араб елдерінің 
ынтымақтастық Кеңесін (ССАГПЗ) құру туралы шешім қабылданады. 
Оның құрамына Бахрейн, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, 
Оман және Сауд Аравиясы кіреді. Кеңес мүшелері соғысушы Иракқа 
қаржылай кӛмек, саяси және моральдық қолдау кӛрсетеді.
Бесінші таяушығыс соғысы – Израиль әскерлерінің Оңтүстік 
Ливанға енуі кезінде (1982 жылы, маусым) Сауд Аравиясы 
бейтараптылық позициясын ұстанады.
1970 ж.ж. ортасында Сауд корольдігінің мемлекеттік билік 
құрылымы қазіргі кезге дейін ӛзгермеген сипат алады. Король билік 
жүйесіндегі басты тұлға болып қала берді, оның қолына барлық 
жоғары заң шығарушы, атқарушы және сот билігі шоғырландырылды. 
Ел үкіметі негізінен король отбасы мүшелерінен қалыптасады. Оның 
жанында 
король 
тағайындаған 
50-70 
мүшеден 
тұратын 
Консультативтік Кеңес болды. Алайда ағымдағы істер бойынша ең 
маңызды шешімдерді король айналасындағы тұлғалар тобы 
қабылдайды. Король отбасының мүшелері саудлық бизнесте маңызды 
позицияларды иеленді, олардың кӛпшілігі Батыста білім алды
«корольдік технократтар» тобын құрады. 
1982 жылы 13 маусымда Халид ӛлімінен кейін Сауд Аравиясының 
королі болып Фахд ибн Абдальазиз ас-Сауд жарияланады. Мұрагер 
ханзада Абдалла ибн Абдальазиз ас-Сауд болды.
Елдегі ішкі саяси жағдайдың ӛзіндік ерекшелігі соңғы жылдары 
Эр-Риядтың билеуші консервативтік режимінің үнемі оңшыл 
мұсылмандық діни-саяси топ тарапынан қысым кӛруінде болды. 1989 
жылы қажылық кезінде Меккеде тағы да тәртіпсіздіктер орын алды: 
жарылыс нәтижесінде кӛптеген адамдар жазықсыз жапа шекті. 16 
террорист қылмыс болған жерде ұсталды, және олардың барлығы 
ӛлім жазасына кесілді. 
Сауд Аравиясының мұнайдан түсетін табысы 1973 жылы 4,3 
млрд. долларды құрады. 1970 жылғы мұнай ӛрлеуі есебінен 1981 
жылы 118 млрд. долларға жетеді. Бірақ мемлекеттік аппарат 1960 


160 
ж.ж. ӛзінде-ақ ірі қаржы құралдарын басқару және жаңа әлеуметтік-
экономикалық функциялар орындау жағдайында болмады. Мұнай 
компанияларының тікелей түсімдері мемлекет табысының 80%-дан 
астамын құрады. Іс жүзінде барлық ел экономикасы мұнай ӛндіруге 
және экспорттауға арқа сүйеді. Басқа, мемлекеттің қосымша табыс 
кӛздері муниципиальдық, порттық, аэропорттық және жол салымдары 
болды. Зекет (мұсылмандар тӛлейтін діни салық) мемлекет 
табысының бір пайызын құрады. Жергілікті қолӛнер, сонымен қатар 
ауыл шаруашылығы үшін де тиімсіз қазіргі заманғы капиталистік 
ӛндірістің енуі және жаппай импорт артта қалған дәстүрлі ел 
экономикасын күйретті. 
Аравиялық қоғамға АРАМКО тікелей ықпал етті. Ол жалдамалы 
жұмысшы күшін тартты (негізінен шетелдік), қазіргі заманғы ауылдар 
мен қалалар салды, шетелдік капиталдың қатысуымен қосалқы 
қызметтер және шеберханалар, жолдар желісін құрды. Алайда, 1960 
ж.ж. мұнай айдау зауыттарын есепке алмағанда, жұмысшылар саны 
жүзден асатын бірде-бір ӛнеркәсіп орны болған жоқ. 1960 ж.ж. 
ортасында елде тұңғыш рет ұлттық жинақтау қорын тез арттыру үшін 
тұрақты база қалыптаса бастады.
Корольдіктің ӛнеркәсіп буржуазиясы 1970 ж.ж. да қалыптасу 
сатысында болды. Мемлекет экономикалық дамуда жетекші роль 
атқаруы тиіс болды. Осы мақсатпен мемлекеттік компания – мұнай 
және минералдық ресурстардың Бас ұйымы (Петромин) құрылды. 
Петромин АРАМКО-дан мұнай ӛңдеу зауыттарын сатып алды. 
Импорттық техника, технология және шетелдік кадрлар кӛмегімен 
заманауй коммуникациялар салынды, елдің басты орталықтарын 
байланыстыратын автожолдар желісі іске қосылды. Қызыл теңіздегі – 
Джидда және Янбодағы, Парсы шығанағындағы – Даммамадағы, Эль-
Хабурдағы, Мина-Саудтағы порттар салынды және реконструк-
цияланды. Эр-Риядта, Мединада, Джиддада және т.б. қалаларда ірі 
аэропорттар салынды.
Сауд Аравиясының әлеуметтік-экономикалық құрылымының 
трансформациясы 1973 жылдан кейін мұнайдан түскен табыстың 
артуына байланысты күрт жеделдеді. 1973 жылы мұнай 
компаниялары ел бюджетіне 4 млрд. 340 млн. доллар, ал 1978 жылы – 
36 млрд. 100 млн. доллар аударды. Сауд Аравиясы дамушы елдердегі 
ең кӛлемді индустриализация бағдарламаларының бірін жүзеге 
асыруға тырысты. Бірінші бесжылдықтың (1971-1975) даму жоспарын 
орындау үшін 9 млрд. доллар бӛлінді, екіншісіне – 140 млрд. доллар, 
оның ішінде ӛнеркәсіпке – 20 млрд., ал үшіншісіне (1980-1985) – 211 
млрд. доллар, оның ішінде ӛнеркәсіпке – 45 млрд. доллар. Артта 
қалған ел индустриализациясы сыртқы техникалық кӛмексіз мүмкін 
болмады. Сауд Аравиясының индустриализациясы АҚШ-на тиімді: 


161 
ол терең инвестиция, ӛндіріс тауарларының және қызмет түрлерінің 
нарығын қалыптастырады.
Жалпы аравиялық мұнай ӛндіруші монархиялардың және оның 
ішінде Сауд Аравиясының неғұрлым ӛткір мәселелерінің бірі 
жұмысшы күші мәселесі болып табылады. Адам ресурстарының 
аздығы, дәстүрлі қалдықтардың сақталуы ірі кӛлемде шетелдік 
шартқа отырған жұмысшы күшінің тартылуына мәжбүрледі. 
Саудлықтардың негізінде ғана мұнайшылар отрядын құру мүмкін 
болды. Ӛндірістің барлық басқа қалған салаларында жұмыс 
орындарын неғұрлым кедей араб елдерінен арабтар, пакістандықтар, 
индонезиялықтар және т.б. иеленеді. Олар азаматтық ала алған жоқ, 
сол себепті кӛптеген жергілікті тұрғындардың артықшылықтарын 
иелене алмады. Осылайша, елде ірі кӛлемді шетелдіктердің болуы 
экономикалық мәселелердің шешілуіне әсер етеді, бірақ әлеуметтік-
саяси мәселелер қалыптастырады.
1981 жылы басталған мұнайға дүниежүзілік сұраныстың және 
бағаның тӛмендеуі Сауд Аравиясы мұнайының ӛндірілуінің 1980 
жылғы рекордтық 9 баррельден 1985 жылы 2,3 баррельге дейін 
қысқаруына алып келді. Мұнай экспортынан түскен табыс сәйкесінше 
101 млрд. доллардан 22 млрд. долларға дейін қысқарды. 1982-1985 
ж.ж. валюта қоры 40 млрд. долларға азайды. Корольдікте дағдарыс 
ретінде анықталған бұл экономикалық құлдырау кӛптеген ішкі саяси, 
әлеуметтік және этноконфессиональдық қарама-қайшылықтардың 
шиеленісуіне алып келді.
1980 жылдардың аяғы – 1990 жылдардың басында экономи-
калық дағдарыстың салдарлары толығымен жойылған жоқ, бірақ ішкі 
қиыншылықтар сыртқы қауіпке жол беруі тиіс болды. 1990 жылы 2 
тамызда Кувейт территориясына ирак әскерлерінің енуіне 
байланысты «шығанақтағы соғыс» басталады. Оккупация қаупі Сауд 
Аравиясына да тӛнеді. Король Фахд АҚШ-нан кӛмек сұрайды. Сол 
кезде С.Хуссейнге қарсы араб коалициясын құру үшін араб елдерімен 
достық байланыстар жандандырылады.
Ирактық агрессия барлық Парсы шығанағы елдерінің, әрине Сауд 
Аравиясының ӛмірінде маңызды кезең болды. «Шӛлдегі боранның» 
аяқталуы корольдік үшін тікелей әскери қауіпті жойды, алайда кӛптеген 
мәселелерді шешкен жоқ және тіпті жаңаларын туғызды.
Иракпен соғыс ел экономикасына да әсер етпей қоймайды. 
Жалпы алғанда, мамандардың бағалауы бойынша, бұл соғыс елге 
шамамен 70 млрд. доллар шығын әкелген. Мүмкін осыған 
байланысты аймақта қауіпті жағдай сақталған, Сауд Аравиясы 1996 
жылы ӛз бюджетін 13,2 млрд. долларға, ал қарулы күштерінің санын – 
105,5 мың адамға дейін арттырады. Бюджет тапшылығы корольдікке 
шетелдік салымдардың қысқаруына алып келді.


162 
Барлық осы теріс құбылыстарды жою үшін елдің даму мақсаты 
қайта қаралды. 1990 ж.ж. екі бесжылдық жоспары қызмет етті: 5-ші – 
1990-1995 ж.ж. және 1995-1999 ж.ж. 1990-1995 ж.ж. жоспар тӛмен-
дегідей алты негізгі мақсаттан шықты: мұнай кӛздерінен үкіметтік 
шығындарды кеңейту; жеке секторға тіректі күшейту; жергілікті 
жұмысшы күшінің кәсіптік дайындығы; мұнайлы емес салалар 
есебінен 
экономикалық 
қызметті 
диверсификациялау; 
түрлі 
аймақтардың қалыпты дамуы. Жоспар міндеттерін жүзеге асыруға 
753 млрд. риал шығындалды. 
Алтыншы бесжылдық жоспар экономиканың орташа жылдық 
3,45% ӛсіміне негізделді. Басымдылық берілген тапсырмалар: бағаны 
қолдау бойынша субсидияларды қысқарту жолымен бюджетті реттеу; 
жұмысшы күшінің мемлекеттік нарығындағы саудлық бағыныш-
тылардың үлесін арттыру (және сәйкесінше шетелдік жұмысшылар 
күшінің үлесін азайту).
Бесжылдық жоспарлар міндеттерінің жүзеге асырылуы бюджет 
тапшылығының жойылуына алып келді. Реформалардың он 
жылдығында саудлық қоғам түпкілікті трансформацияға ұшырады. 90 
ж.ж. соңында қалалық тұрғындар үлесі 80%-дан асады. Оған қоса, 
демографиялық жарылыс нәтижесінде ел халқы қатты жасарды: оның 
50%-н 15 жасқа дейінгі жас адамдар құрайды, ал 60%-ы – 19 жасқа 
дейін. Мұнайлық гүлдену жылдары саудылықтарға тиімді әлеуметтік 
саясат жүргізуге мүмкіндік берді. 90 ж.ж. қарай бастауыш білім 
берумен 100%-ға жуық балалар қамтылды, және жоғары білім алуды 
қалаушылар үлесі артты. 2000 жылға қарай жоғары оқу орында-
рындағы студенттер санын 72%-ға арттыру кӛзделді. Медициналық 
қызмет кӛрсету жүйесінде биліктегілер ультразаманауй клини-
каларды құрғаннан кейін корольдіктің барлық тұрғындарына, тіпті 
құмдағы бедуиндерге де тегін медициналық кӛмек кӛрсетуге кӛшті.
2005 жылы желтоқсанда Сауд Аравиясы Дүниежүзілік сауда 
ұйымына кірді. 2008 жылы мұнай және мұнай ӛнімдері экспорты – 
310 млрд.доллар. Негізгі сатып алушылар – АҚШ 18,5%, Жапония 
16,5%, Қытай 10,2%, Оңтүстік Корея 8,6%, Сингапур 4,8%. Импорт 
2008 жылы 108 млрд.доллар – ӛнеркәсіп тауарлары, химия ӛнімдері, 
автомобиль, тоқыма. Негізгі жеткізушілер – АҚШ 12,4%, Қытай 
10,6%, Жапония 7,8%, Германия 7,5%, Италия 4,9%, Оңтүстік Корея 
4,7%. Сауд Аравиясының сыртқы саясаты Аравия түбегінде 
корольдіктің ислам мемлекеттері және мұнай экспорттаушы-
мемлекеттер арасында маңызды позицияны иеленуіне негізделген. 
Батыспен одақтық қатынастарға қарамастан, Сауд Аравиясы 
исламдық экстремистерді қаржыландырғаны үшін сынға жиі 
ұшырайды. Сауд Аравиясының Ауғанстандағы талибтер билігін 


163 
мойындаған үш мемлекеттің бірі екені белгілі. Сауд Аравиясы 
бұрынғы террористік «Аль-Каида» ұйымының кӛсемі Усама бин 
Ладеннің отаны. Иранмен де қатынастары шиеленісті.
Сауд Аравиясы Араб мемлекеттерінің Лигасы, Ислам 
Ынтымақтастық Ұйымы, мұнай экспорттаушы-елдер Ұйымы сияқты 
ұйымдардың басты мүшесі болып табылады.
2007 жылы Сауд Аравиясы мен Папа тағы арасында 
дипломатиялық қатынастар орнатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет