Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет28/70
Дата30.11.2023
өлшемі2,21 Mb.
#194190
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Байланысты:
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
 
Кувейт 
 
1.
1945-1961 ж.ж. Кувейт. Саяси дамуы. 
2.
1960-1980 ж.ж. Кувейт. Әлеуметтік-экономикалық дамуы. 
3.
1990 ж.ж. Кувейт. 
Кувейт
(араб. 
ك
), ресми Кувейт Мемлекеті (араб. 
ة لود

Давлат эль-Кувейт) – оңтүстік-батыс Азиядағы мемлекет (әмірлік). 
Солтүстігінде және батысында Иракпен, оңтүстігінде Сауд 
Аравиясымен шектеседі. Шығысында Парсы шығанағымен шайылып 
жатыр. Маңызды мұнай экспорттаушы, ОПЕК мүшесі. Кувейт 6 
провинцияға бӛлінген (мухафазат; жекеше - мухафаза), олар ӛз 
кезегінде аудандарға бӛлінеді. 
Ресми тілі
– араб тілі
Астанасы 
– Эль-Кувейт 
Басқару формасы
– Конституциялық монархия
Территориясы
– 17 818 км² (дүние жүзінде 152-ші) 
Халқы
- 2,646,314 адам (2012 ж.), тығыздығы - 131 адам/км² 
Ақша бірлігі
– кувейттік динар 
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Кувейт мұнайы 
үшін ағылшын-американ күресі шиеленіседі. Англия бұрынғысынша 
ӛзінің аймақтағы саяси үстемділігіне арқа сүйесе, ал АҚШ – қаржы-
экономика саласындағы басымдылығына арқа сүйеді. Бәскелестік 
капитал салымының артуына және ірі табыстар алуға кедергі келтіре 
алмады. Ағылшын-американдық Кувейт Ойл Компания (КОК) 1946 
жылдан бастап мұнайды ӛнеркәсіптік ӛндіруіне кіріседі. Оның 


164 
қарқыны адам айтарлықсыздай ӛседі: 1946 жылы 0,8 млн. т., 1950 ж. – 
17,3 млн., ал 1960 жылы – 85,6 млн. т. мұнай ӛндіріледі.
1952 жылға дейін Кувейттің КОК табысындағы үлесі 9 пайыздан 
аспайды, бірақ 1951 жылдың аяғында Кувейт КОК-пен концессиялық 
келісімдерді қайта қарауға қол жеткізеді. Концессиялық тӛлемдерді 
компанияның таза табысынан 50%-ға дейін арттыру туралы келісімге 
қол жеткізді. Іс жүзінде табысты тең бӛлу принципі ешуақытта 
сақталмады. КОК мұнай кен орындарын эксплаутациялаған 15 жыл 
ішінде 7 млрд. доллардан астам алса, Кувейт үкіметіне сол кезеңде 
тек 2,8 млрд. доллар тӛленеді.
Алайда соған қарамастан мұнай компанияларынан түсетін 
мемлекеттік табыстардың ӛсуі Кувейтке алғашқы күрделі әлеуметтік-
экономикалық қайта құруларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Елді ӛнеркәсіп ӛрлеуі қамтыды. 1950 жылғы шейх Ахмед аль-Джабер 
ас-Сабах ӛлімінен кейін таққа отырған Кувейттің жаңа басшысы әмір 
Абдалла ас-Салим аль-Мубарак ас-Сабах түпкілікті реформалар 
жолына түседі. 1952 жылы ол бекіткен экономикалық даму жоспары 
мұнай ӛндіруші ӛнеркәсіп объектілерін, жолдар, электростанциялар 
салуды қарастырды. Әмірлік астанасы Эль-Кувейтті реконст-
рукциялау және қалпына келтіру шаралары жүргізілді. Модернизация 
және урбанизация қоғамның әлеуметтік құрылымына ӛзгерістер 
енгізеді: 
дәстүрлі 
әлеуметтік 
топтың 
және 
ру-тайпалық 
аристократияның ыдырау процесі белсенді жүрді, буржуазиялық 
қоғамға тән жаңа таптар, бірінші кезекте ұлттық буржуазия, 
жұмысшы табы және орташа қалалық топ қалыптасты.
1952 жылғы Египет революциясының жеңісі, 1956 жылғы Суэц 
дағдарысы және 1958 жылғы Ирактағы шілде революциясы 
әмірліктегі ағылшындарға қарсы бағытты күшейтіп, патриоттық 
күштердің ұлт-азаттық қозғалыстарын жандандырды. 1960 жылы 
қаңтарда әмірлік бірқатар араб елдерінде ӛз ӛкілеттіліктерін ашты. 
Сол жылы ол ОПЕК ұйымын құрушылардың бірі болды, ал 
тәуелсіздігін алу кезеңінде он халықаралық ұйым мүшесі болды.
1961 жылы 19 сәуірде ұзаққа созылған келіссӛздерден кейін 
1899 жылғы ағылшын-кувейт келісімін жою туралы мемлекетаралық 
келісімге қол қойылып, әмірлік саяси тәуелсіздігін алады. Кувейттің 
тәуелсіздігін жариялағаннан 6 күн ӛткеннен кейін ирак мемлекетінің 
басшысы генерал А.К.Касем әмірлікті «Ирактың бӛлінбейтін бӛлігі» 
деп жариялап, оның территориясына қызығушылығын танытады. 
Бұған жауап ретінде кувейт басшылығы Ұлыбританиядан кӛмек 
сұрап, нәтижесінде елге ағылшын әскерлері енгізіледі. Бұл жағдайда 
әмірліктің алдында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің кепілі болатын 


165 
одақтас таңдау туралы мәселе тұрды. Араб елдерімен тығыз 
байланыстарын дамыту туралы шешім қабылданады: 1961 жылы 20 
шілдеде Кувейт АЕЛ (ЛАГ) мүшесіне айналады. Әмірліктегі 
жағдайды бағдарлай келе АЕЛ мұнда ӛз әскерлерінің енгізілуін 
қолдайды, және сол жылдың қыркүйек айында Сауд Аравиясынан, 
Иорданиядан, Сирия және Тунистен Кувейтке 300 әскерилер келеді, 
ал ағылшын бӛлімдері кӛп ұзамай елді тастап кетеді. Солтүстік 
кӛршісі тарапынан Кувейтке тӛнген қауіп тек уақытша Касем 
режимінің құлауынан кейін тоқтатылады (1963 ж., ақпан).
1961 жылғы сыртқы саяси дағдарыс күн тәртібіне ұлттық 
шоғарлану және бұл мақсаттарда кейбір әлеуметтік-экономикалық 
мақсаттарды шешу мәселесін қояды. 1961 жылдың аяғында құрамына 
ас-Сабах әулетінің 10 ӛкілі кірген кеңесуші орган – жоғарғы Кеңесті 
құру туралы жарияланады және конституция жобасын дайындауға 
тиісті Құрылтай жиналысына сайлау ӛткізіледі. 1962 жылы 16 
қарашада конституция бекітіледі. Ол Кувейтті жаңа билеушіні сайлау 
билеуші әулеттің ішкі ісі ретінде қаралатын «Мубарак ас-Сабах 
ұрпағының мұрагер әмірлігі» деп жариялайды. Жоғарғы заң шығару 
билігі әмірге және Ұлттық жиналысқа, ал жоғарғы атқарушы билік - 
әмірге және мемлекет басшысы тағайындаған премьер-министр 
басшылығындағы үкіметке бекітілді. Конституция әмірге кең 
құқықтар берді, ол қол сұғылмайтын тұлға деп жарияланып, ешкімнің 
алдында жауап берген жоқ. Саяси партиялар мен ұйымдар қызметіне 
тиым салынады.
Құрамында 50 адам болған Кувейттің Ұлттық жиналысы 21 
жасқа толған ер азаматтардың тікелей, жасырын және жалпыха-
лықтық дауыс беру жолымен 4 жылға сайланды. Депутаттыққа 
үміткер адам кем дегенде мынандай үш талапқа сай болуы тиіс 
болды: тұрғылықты кувейт азаматы, 30 жастан асқан және арабша 
жазу және оқи білуі қажет. Ел тарихында алғаш рет парламент 
сайлауы 1961 жылы 23 қаңтарда ӛткізіліп, ал 29 қаңтарда Ұлттық 
жиналысқа сайланған депутаттар үкіметті құрды. Оның 15 министрлік 
қызметтің 12-н билеуші династия ӛкілдері иеленді.
1960 ж.ж. ортасында Кувейттің ішкі саяси жағдайы шиеленіседі. 
Қарама-қарсылық негізінен экономикалық тәуелсіздікке жету және 
дамудың ұлттық басымдылықтарын қамтамасыз ету жолдарын түрлі 
позициямен қарастырған «дәстүршілдер» мен «прогрессистер» 
арасында ӛрбіді. Парламентте басында араб ұлтшылдарының 
жетекшілері болған оппазициялық депутаттар тобы қалыптасады. 
Оның басында жалпыарабтық араб ұлтшылдарының Қозғалысының 
(АҰҚ) жетекшілерінің бірі Ахмед аль-Хатыб тұрды.
Абдалла ас-Салим ӛлімінен кейін (1965 ж., қараша) таққа 
отырған әмір Сабах ас Салим ас-Сабах елдегі оппазициялық 
қозғалыстарды басып-жаныштау жолына түседі. Ішкі саяси 


166 
күрестердің неғұрлым шиеленіскен формасы 1966 жылдың аяғы – 
1967 жылдың басында Ұлттық жиналыстың екінші шақырылымына 
депутаттар кандидатурасын ұсыну кезінде орын алады. 
Кувейт Израильді қолдаушы мемлекеттерге мұнай сатуға 
эмбарго енгізу туралы шешім қабылдаған арабтық мұнай ӛндіруші 
елдердің Бағдат конференциясының белсенді қатысушыларының бірі 
болды. Әмірлік бірінші болып Англия мен АҚШ-на мұнай жеткізуді 
тоқтату туралы жариялайды. Ол Хартум конференциясын 
ұйымдастырушылардың бірі болып, әскери қимылдар барысында 
зардап шеккен «араб ағайындарға» кӛмек кӛрсету туралы пікір 
айтады. Кувейттің жалпы кӛмек кӛлемі 55 млн. ф. стерл. құрайды. 
Екінші жағынан, Кувейт, басқа араб елдерінен ерекшелігі, 
Ұлыбритания және АҚШ-мен қатынасын толығымен үзбей, Хартум 
конференциясында мұнай жеткізуге эмбаргоны жоюды жақтап дауыс 
береді.
Араб елдерінің 1967 жылғы соғыстағы жеңілісі Арабтық 
Шығыстағы күштер поляризациясына алып келді. Осындай жағдайда 
Кувейттің билеуші топтары Сауд Аравиясымен, монархиялық 
Ливиямен жақындасуды жақтайды. 1968 жылдың басында үштік 
Арабтық мұнай экспорттаушы-елдердің Ұйымын (ОАПЕК) құру 
туралы жарияланады. Осы кезден бастап мұнай саясаты әмірліктің 
билеуші топтары арасында жетекші орын алады. Елдің ӛздерінің 
негізгі шикізат байлығын қолдануға басым құқық алуы оған мұнайды 
1973 жылғы араб-израиль соғысынан кейін Израильды қолдаған 
елдерге қысым кӛрсету құралы ретінде неғұрлым тиімді пайдалануға 
мүмкіндік берді. 
Ұлттық жиналыстың тӛртінші шақырылымындағы сайлау және 
сайлауалды компаниясы (1975 ж.) күрделі ішкі саяси күрес 
жағдайында жүреді. Нәтижесінде оның құрамының жартысы жаңа 
әлеуметтік топтың – бизнесмен, қаржыгер, технократтардың мүддесін 
білдірген депутаттармен жаңартылды. Жаңа парламент үкімет 
ұсынған бірнеше заң жобаларын қабылдамағаннан кейін саяси 
дағдарыс орын алады. 1976 жылы тамыз айында әмір арнайы 
жарлықпен Ұлттық жиналысты таратады және оның қызметіне 
қатысты бірқатар конституция баптарының қызметін тоқтатты. 
Бірмезгілде «саяси бағыты ұлт мүддесіне қайшы келетін» кез-келген 
басылым органының жабылуы туралы жарияланды.
1977 жылдың аяғында әмір Салим ас-Сабах қайтыс болады. 
Оның ізбасары 31 желтоқсанда Джабер аль-Ахмед аль-Джабер ас-
Сабах болды. Бір айдан соң билеуші әулет мұрагер ханзада етіп 
премьер-министр болған Саад аль-Абдалла ас-Салим ас-Сабахты 


167 
сайлайды. 1978 жылы ақпан айында жаңа үкімет құрылып, 18 
министрлік қызметтің 7-і билеуші династия мүшелеріне тиеді. 
Елдегі жаңа басшылықтың қызметінің басталуы Ирандағы 
шахқа қарсы революцияның ӛрлеу және жеңу кезеңімен (1978-1979 
ж.ж.) сәйкес келеді. 1981 жылы 18 ақпанда Кувейт парламенттік 
жүйеге қайта оралады. Бұл заң шығарушы органға ӛткізілген сайлау 
нәтижесінде кӛпшілік орынды билеуші династияға ниеті түзу топ 
ӛкілдері жеңіп алады. Аль-Хатыб бастаған араб ұлтшыл кандидаттары 
жеңіліске ұшырайды. Шииттер иеленген орындар саны екі есе 
қысқартылады, және бірмезгілде идеялық-саяси кӛзқарастары 
бойынша кӛрші араб елдерінің «ағайын-мұсылмандарына» жақын 
исламдық фундаменталистер ӛздерінің жағдайын нығайтты.
1983 жылдың соңында исламдық террористік ұйымдар елде 
бірнеше жарылыстар ұйымдастырады. Фундаменталистік қауіпке 
қарсы тұру үшін билеуші топ «исламдандыруды жоғарыдан» ӛткізуге 
тырысады: бұқаралық ақпарат құралдарында діни мәселелер бойынша 
материалдар кӛлемі артады, мектептерде діни пәндерді оқыту 
күшейтіледі. Бұл шаралардың қорытындылары нәтижелі болды: 1985 
жылғы сайлауда шииттік топтар тек 3 орынды ғана иеленеді.
1985 жылы мамыр айында әмірге қастандық жасалады, ал шілде 
айында Эль-Кувейтте тағы да жарылыстар ұйымдастырылады. 
Террористік актілер ішкі саяси шиеленісті күшейтті: шетелдіктердің 
жаппай депортациялануы басталады. Ұлттық жиналыс бұл жолы 
елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша басшылықты қолдады.
Кувейттің саяси тәуелсіздік алу кезеңінен бастап елдің 
экономикалық ӛмірінде мемлекеттің ролі артады. 1966 жылы 
жоспарлау ісі бойынша мемлекеттік Кеңес бірінші бес жылдық 
жоспарының жобасын дайындайды (1967/1968 – 1971/1972). Жоспар 
ҰІӚ-ді 37 пайызға ӛсіруді (814 млн-нан 1102 млн кув. дин. дейін), 
инфрақұрылымды 
қалыптастыруды 
аяқтауды, 
экономиканы 
диверсификациялауды қарастырды. Инфрақұрылымды қалыптастыру
жолындағы маңызды қадам Эш-Шуайба ауданында ӛнеркәсіп 
кешенін құру болды. Мұнда жылу электростанциялары саланып, 
мұнай порты кеңейтіліп, мұнай химиялық кешен және заводтар 
(химиялық ӛнімдер, тыңайтқыштар, цемент және т.б.) салынады.
Бұл жылдары ірі ұлттық компаниялар («Кувейт Нэшнл 
Петролеум», «Кувейт Петрокемикэл индастриз» және т.б.), сондай-ақ 
ел дамуында маңызды орын алатын Кувейт Орталық банкі құрылады. 
Екінші және үшінші бесжылдық жоспарлары 1970 ж.ж. 
қамтиды. Бұл кезеңде жаңа экономикалық стратегия пайда болады: 
ұлттық буржуазияның ықпалымен үкімет мемлекет қалыптастырған 


168 
ӛнеркәсіп 
секторының 
қаржылай 
қайтарылымы 
шетелдегі 
инвестициялық табыспен салыстырғанда мүлдем азғантай деген 
идеяны қозғайды. Валюталық түсімнің маңызды кӛздерінің бірі 
шетелдік капитал салымынан түскен табыстар болды. Жылдан жылға 
кувейттік мемлекеттік және жеке инвестициялық компаниялардың 
қызметі жандана түсті.
1980 жылдардың басында Кувейттің экономикалық жағдайында 
күрделі ӛзгерістер жүреді. Мұнайға бағаның күрт тӛмендеуі 
нәтижесінде мемлекеттік табыс азаяды; 1982/1983 ж.ж. Кувейт 
тұңғыш рет бюджет тапшылығына тап болады (100 млн. доллар). 
Алайда ол оны шетелдік инвестициялар есебінен жабады. Кувейттің 
шетелдік валюта қоры 1982/1983 ж.ж. 80 млрд. долларға жуық болды, 
алайда елде (кӛрші аравиялық монархиялардағы сияқты) күрт 
экономикалық құлдырау байқалады. Тӛртінші бесжылдық даму 
жоспарын жүзеге асыру тоқтатылады, кӛптеген ӛнеркәсіп жобалары 
дағдарысқа ұшырайды. 1980 ж.ж. аяғында жағдай біршама 
тұрақталады, алайда дағдарыстың салдарлары әлі де сезіледі.
Қарастырылып отырған кезеңде ұлттық капитализмнің 
дамуымен әлеуметтік құрылымда даму жүреді. Қоғамның жаңа 
топтары мен таптары пайда болады. Ұлттық ӛнеркәсіп пен қаржы 
буржуазиясы неғұрлым тез дамиды. Басқа да мұнай ӛндіруші 
монархиялардағы 
сияқты 
екі 
топ 
байқалды: 
жоғары 
– 
буржуазияланған 
феодалдардан 
және 
тайпа 
шейхтарынан 
қалыптасқан аристократиялық және тӛменгі – сауда буржуазиясынан, 
интеллигенциядан шыққан халық тобы. Аз санды болса да ұлттық 
пролетариат қалыптасты. Ол тек мұнай ӛнеркәсібінің жекелеген 
облыстарында қызмет етті. Әмірліктің экономикалық дамуының 
негізгі ауыртпалығы шетелдік жұмысшы күшіне түсті, бұл кӛптеген 
қосымша ішкі саяси мәселелерді туындатты. Сонымен қатар қалалық 
қоғамның орта тобынан жаңа топтар, ең алдымен интеллигенция
шенеуніктердің жаңа тобы, қазіргі офицерлер қалыптасты.
1980 ж.ж. дағдарыс толқынында әлеуметтік және ішкі саяси 
қарама-қайшылықтардың күрт шиеленісуі жүреді. Астана мен 
жекелеген провинцияларда шетелдік жұмысшы күшінің толқуы 
болады. Әмір қатаң цензура енгізіп, парламентті таратады. 
Әлеуметтік қайшылық 1980 ж.ж. ӛн бойында сезіледі. Тек 1990 
жылдардың 
басындағы 
қайғылы 
оқиға 
қоғамды 
қайта 
шоғырландыруға итермелейді.
1990 жылдардың басы Иракпен қатынасының шиеленісуімен 
ерекшеленді. Шілде айында Ирак президенті Саддам Хусейн Кувейтті 
мұнайды ӛңдеудегі квота туралы ОПЕК келісімін бұзғандығына, 


169 
«ирак территориясының бір бӛлігін оккупациялауға» айыптайды. 2 
тамызда ирак әскерлері Кувейтті басып алу бойынша әскери 
операцияларын бастайды. 8 тамызда Саддам Хусейн аннексияның 
аяқталғандығы және Ирактың 19-шы провинциясы деп жарияланған 
«Кувейт пен Ирактың қосылуы» туралы жариялайды. 
Іс жүзінде ирак үкіметі Англияның Кувейтке протектараттығын 
конституциялық тұрғыдан таныған жоқ. 1961 жылы Ирак Кувейтке 
тәуелсіздігінің берілуіне қарсы шығады, ал сол кездегі президент 
Абдель Керим Касем әмірлікті Иракқа қосу туралы бұйрық 
шығарады. 1963 жылы Ирактың баасистік жетекшілігі Кувейттің 
тәуелсіздігін мойындайды, алайда 1973 жылы қайтадан Умм-Касраға 
шекаралас әмірлік территорияларына және Парсы шығанағындағы 
Варба және Бубиян аралдарына ӛз қызығушылығын танытады.
«Мұрагерлік әмірлік» әскери тұрғыдан Иракқа қарсы күрделі 
қарсылас ретінде қарсы тұра алмады. Оның армиясы 20300 адамды 
құрады, ал қарулану тұрғысынан барлығы 36 әскери ұшақ және 18 
тікұшақ болды. Ӛз тарапынан, Ирак 1980 жылдары қазіргі заманғы 
қаруларды сатып алуға 80 млрд.доллардан астам қаржы жұмсады 
(оның ішінде 13396 млн. – Кеңес Одағында), және Иранмен 
соғыстағы ірі адам шығындарына қарамастан, жарты миллионға жуық 
солдаттар мен офицерлерді «қаруланған күйінде» ұстады.
Ирак басшылығының ойы бойынша, Кувейтке шабуыл басым 
кӛпшілігі Израильдың ӛмір сүруімен және саясатымен байланысты 
болған барлық таяушығыстық мәселелерді әскери шешу жолындағы 
бірінші қадам болуы тиіс. Ирак президенті оның еліне қарсы жауапты 
әрекеттер Израильге қарсы барлық арабтардың соғысына алып 
келетіндігін ескертті. 
Алайда Багдат мақсаттарына қарамастан, Ирак агрессиясы араб 
әлемінде тағы да ыдыраушылық туғызды. 1990 жылы 9 тамызда БҰҰ-
ның Қауіпсіздік Кеңесі Кувейтті аннекциялауды «заңсыз және 
шынайы емес» деп мәлімдейді. Ал 10-11 тамызда Каирде ӛткен араб 
мемлекеттерінің тӛтенше кездесуінде тез арада ирак әскерлерінің 
шығарылуы және әмірлікте заңды биліктің орнатылуы туралы талап 
етілді. Осы кездесуге қатысушылардың 20 қатысушыдан резолюцияға 
12 мемлекет және үкімет басшылары жақтап дауыс берсе, «қарсы» - 
Ирак, Ливия және ПАҰ, «қалыс қалған» - Алжир және Йемен, ал 
Иордания, Судан және Мавритания ӛз пікірлерін кейінге қалдырды. 
Багдаттың әрекеті Хельсинкидегі М.С.Горбачев пен Дж.Буштың 
жоғары деңгейдегі қыркүйек кездесуінде екі тараптан да біржақты 
айыпталды.


170 
Кувейтке 
қарсы 
Ирак 
агрессиясы 
аймақта 
шиеленіс 
эскалациясын туғызды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша 
Сауд Аравиясының территориясына кӛпұлтты антиирактық коалиция 
күштері келе бастады. Ӛз тарапынан, оккупанттар әмірліктің 
материалдық байлықтарын тонауға кірісті, оның территориясында 
қанды террор ұйымдастырды. Бір ӛлтірілген ирактық үшін 14 
кувейттік тұтқын жойылды, барлығы 12 мың адам жойылды, ал 15 
мың адам хабарсыз кетті. Кувейтке келтірілген жалпы шығындарды 
сарапшылар 100 млрд. долларға бағалады. 
Шиеленісті бейбіт жолмен шешуге бағытталған барлық 
шаралар сәтсіздікпен аяқталады, және ультиматум мерзімі 
аяқталғаннан кейін кӛпұлтты күштердің басшысы американдық 
генерал Норман Шварцкопф «Шӛлдегі боран» операциясын бастау 
туралы белгі береді. Одақтастардың Иракты және оккупацияланған 
Кувейт территориясын әуеден жаппай бомбалауы нәтижесінде қуатты 
Саддам Хусейн армиясы талқандалады. 1991 жылы 28 ақпанда 
әмірлік азат етіледі.
Жеті айлық эмиграциядан кейін елге оралған билеуші басшылық 
3 айға әскери жағдайдың енгізілуі туралы жариялайды. Азат 
етілгеннен кейінгі ӛзінің алғашқы сӛзінде Джабер аль-Ахмед аль-
Джабер ас-Сабах парламент сайлауын тек 1992 жылы ӛткізуге уәде 
береді. 20 сәуірде әмір жаңа үкіметтің құрылуы туралы жариялайды. 
Оны қайтадан мұрагер ханзада шейх Саад аль-Абдалла ас-Салем ас-
Сабах басқарды. Билеуші отбасы ӛкілдері, бұған дейінгідей, негізгі 
үш министрлікті – сыртқы істер, ішкі істер және қорғаныс – басқарды.
Ирактық агрессия Кувейттің бұрынғы аймақтық қауіпсіздік 
тұжырымдамасына күмән келтірді. 1991 жылы қыркүйек айында 10 
жылға әскери салада американ-кувейт келісімі жасалады. 1992 жылы 
ақпан айында осындай келісім Ұлыбританиямен, тамызда – 
Франциямен, ал 1993 жылы желтоқсан айында – Ресеймен жасалады. 
«Шығанақтағы соғыс» Кувейт экономикасына айтарлықтай 
шығын әкеледі. Алайда 1993 жылдың ӛзінде мұнай экспортынан 
түскен ӛнім 9,9 млрд. долларды құрап, соғысқа дейінгі деңгейінен 
асып түсті. 
Кувейттің ӛз бағалаулары бойынша, ол ірі мұнай қорына ие – 
102 млрд.баррельге жуық, яғни мұнайдың дүниежүзілік қорының 9%-
ы. Мұнай Кувейтке ҰІӚ-нің 50%-ға жуығын және мемлекеттік 
бюджеттің табыс бӛлігінің 95%-ын береді. 2009 жылы Кувейттің ҰІӚ-
і 146 млрд.долларды құрады. Жан басына шаққанда – 54,1 мың 
доллар (дүниежүзінде 7-ші орын).


171 
2008 жылы экспорт – 86,9 млрд.доллар, негізінен мұнай және 
мұнай ӛнімдері, сондай-ақ тыңайтқыштар. Негізгі сатып алушылар – 
Жапония 18,5%, Оңтүстік Корея 14,7%, Үндістан 10,9%, Тайвань 
9,8%, АҚШ 9%, Сингапур 8%, Қытай 6,1%. 
2008 жылы импорт – 22,9 млрд.доллар: азық-түлік, құрылыс 
материалдары, транспорт құралдары және қосалқы бӛлшектер, киім. 
Негізгі тасымалдаушы елдер – АҚШ 11,7%, Жапония 9,1%, Германия 
8%, Қытай 7,5%, Сауд Аравиясы 6,9%, Италия 4,7%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет