Тақырыптың өзектілігі: Анаэробты инфекция ауруларының пайда болу жағдайы мен пайда болатын өзгерістерін ажырату.
Мақсаты:
Студенттерге инфекциялық аурулардың диагностикасы,емі жөнінде толық мағлұмат беру.
Анаэробты инфекция
Анаэробты инфекция– анаэробтық микроорганизмдер тудыратын, бұлшық етпен дәнекер тіндерін зақымдайтын ауыр жарақат инфекциясы. Анаэробты инфекция жарақаттың ең қауіпті асқынуы болып табылады.
Адам үшін келесі облигатты анаэрорбтардың маңызы бар:
Споралы: Спорасыз: Clostridium Bacteroides
Peptococcus
Peptostreptococcus
Fusobacterium
Спора түзетін Clostridium туыстас бактериялар адамдар мен жануарларда ботулизм, сіреспе, газды гангрена сияқты ауруларды туғызады.
Клостридиялар адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етеді. Қоршаған ортаға фекальді жолмен тарайды ж/е споралы формаға айналады.
BACILLACEAE ТҰҚЫМДАСЫ
Clostridium туысы
- Cl.tetani сіреспе қоздырғышы,
- C.perfringens, C.novyi,C.septicum,C.histolyticum газды гангрена қоздырғыштары;
Cl.botulinum ботулизм қоздырғышы;
Сіреспе – Clostridium tetani қоздырғышымен тудыратын жарақаттық инфекциялар тобына жататын контагиозды емес зооантропоноз, қондырмалы мотонейрондардың нейротоксинмен зақымдалуының әсерінен қанқа бұлшық еттерінің клоникалық және тоникалық тырысуымен сипатталады.