1,2 рис. Cl.tetani Ең кең таралған сіреспемен зақымдалу жолдары
Жануарлардың тістеуі
Оқ немесе пышақпен жарақаттану
Стерильді емес инемен тесу
Темірден алған жарақат
Тікенектен болған жара
· ауруханадан тыс жағдайда хирургиялық, акушерлік–гинекологиялық араласулар.
Физикалық зерттеп-қарау:
тризм (шайнау бұлшықеттерінің тонустық ширығуы); · ауыз ашудағы қиындық; · сардоникалық күлімсіреу (бір уақытта жылап және ирониялық күлімміреп, беттің өзіндік көрінуі); · дисфагия; · ларингоспазм; · мойын, арқа, аяқ-қолдың, басым түрде аяқ (табан және білезік бұлшықеттерінен басқа)бұлшықеттерінің тонустық кернеуі (босаңсусыз), желке бұлшықеттерінің ригидтілігі; · опистотонус (бас артқа шалқайған, омыртқа бел бөлігінде алға бүгілген, аяқ созылған); · іш бұлшықеттерінің кернеуі (іш тақта сияқты); · эмпростотонус (іш бұлшықеттерінің қатты кернеуінен дене алға еңкейеді); · плевростотонус (дене бір жаққа бүгіледі); · дененің жәнебілезік пен табаннан басқа аяқ-қол қозғалыстарының бөгелуі, қозғалыстың мүмкін еместігі; · бұлшықет гипертонусы аясында әр түрлі қарқындылықтағы және ұзақтықтағы аса ауыр тетаникалық құрысқақ дамиды; · тыныс алу бұлшықеттерінің және кеңірдек бұлшықеттерінің ұзақ құрысқағы жағдайында асфиксияның болуы мүмкін; · дене температурасының көтерілуі (37,5-38С, сирек 39-40С); · гиперсаливация, асыра тер бөліну; · тахикардия, артериялық қысымның көтерілуі; · бұт бұлшықкеттерінің спазмасынан зәр шығару және дефекацияның қиындауы; · сусызданду белгілері; · сіреспе кезінде сана сақталады.