Хабарлар тасымалданатын байланыс арналары көбінесе қорғалмаған болып келеді және осы арнаға қатынас құру құқығы бар кез- келген адам хабарларды қолға түсіре алады. Сондықтан тораптарда ақпаратқа біраз шабуылдар жасау мүмкіндігі бар.
Ақпаратты қорғау –ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың алдын алу үшін жүргізілген шаралар кешені.
Асимметриялық шифрлеудің ең таралған алгоритмі RSA алгоритмі болып табылады. Ол үш зерттеуші-математик Рональдом Ривестпен (R.Rivest), Ади Шамирмен (A.Shamir) және Леонард Адльманмен (L.Adleman) 1977-78 жылдары ұсынылған болатын. Осы алгоритмнің әзірлеушілеріне құпиямен бір тараптық жұмыс істеу идеясын тиімді асыру мүмкін болды.
электрондық құжаттың деректемесі, жасанды көшірмеден электрондық
құжатты қорғау үшін арналған.
Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз,"зақымдалған" дискета немесе"зақымдалған"
файлмен бірге түсуі мүмкін.Ішінде вирусы бар программа
"зақымдалған" деп аталады.
Вирустармен күресу үшін антивирустар деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирус) — компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай-ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама.
Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr.Web, Касперский Антивирусы, Eset NOD32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т.б.
Информатика: Учебник / под ред. Проф. Н.В. Макаровой. - М.: Базовый курс. Теория. 2004 г.
Мельников В. Защита информации в компьютерных системах. М.: Финансы и статистика, Электронинформ, 1997