Тақырыбы: Қазақ фольклорының жанры мен түрлері Қазақ фольклорының тәрбиелік ықпалы Ауыз әдебиетінің тарихи даму жолдары Орындаған


Эстетикалықтан басқа қызмет атқаратын прозалық жанрлар (аңыз, әңгіме, хикая, миф). Ал бұл айтылғандар – көркемдігі қарапайым проза



бет3/6
Дата21.10.2022
өлшемі371,72 Kb.
#154221
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
әдебиет 5 апта

Эстетикалықтан басқа қызмет атқаратын прозалық жанрлар (аңыз, әңгіме, хикая, миф). Ал бұл айтылғандар – көркемдігі қарапайым проза.


Қазақ фольклорының тәрбиелік ықпалы?

Ел арасында кең тараған, қазақ фольклорының құнды жәдігерлері болып табылатын батырлық жырлар, ғашықтық жырлар, тарихи жырларда жастарға үлгі болар біріздендірілетін бас қаһармандар жетерлік. Атап айтқанда, батырлар жыры бойынша «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Төстік», ғашықтық жырлар бойынша «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек пен Төлеген», «Ләйлі-Мәжнүн», «Қалқаман-Мамыр», «Айман-Шолпан», тарихи жырлар бойынша «Едіге батыр», «Ер Сайын», «Шора батыр», «Арқалық батыр», «Досан батыр» туралы жыр-дастандар бүгінгі таңда өзінің көркемдік қуатын да, тәрбиелік мәнін де, эстетикалық идеалын да жойған жоқ.


Батырлық жырлар оқырманға ұлттық рух берумен бірге, этнографиялық ақпараттарды да береді. Кейіпкерлердің киген киімін, қару жарағын, тұлпарының ер-тұрман, әбзелдерін сипаттау арқылы жырау оқырмен немесе тыңдарманды сол тарихи дәуірге жетелейді.
Ал тарихи жырлармен танысу арқылы тарихи шежірелер мен оқиғалардың тізбесі көз алдыңыздан өтеді. Тарихи тұлғаларға қазіргі беріліп жүрген бағаның ара салмағын түсінуге жәрдемдеседі.
Қазақ фольклорындағы бас қаһармандармен өскелең ұрпақты таныстыру жастардың көне мұраны білуге деген талпынысын арттырып қана қоймай түбі бір түркі әлемене де еркін бойлауына да жол ашады. Қазақ фольклорының құнды мұраларын насихаттау халқымыздың қоршаған әлемдегі заттар мен табиғи, әлеуметтік құбылыстар туралы наным-түсінігін бүгінгі ұрпақ жатсынбай қабылдауына септігін тигізеді
Халқымыздың ауыздан ауызға тараған құнды, асыл қазынасы – ауыз әдебиет үлгілері арқылы оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу бағытында бала санасына лайықтап жеткізу көзделеді. Оқушылардың ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиетінің тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала қарапайым да мейірімді болады.

Мақал-мәтел, нақыл сөздер халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері. Бұларды мұғалім балалардың түрлі іс-әрекетіне, мінез құлқына байланысты тәрбие құралы ретінде пайдалана алады.


Баланың ой қисындарын сөз жүйесіне келтіре алу қабілетін дамыту үшін, мақал-мәтелді қолданудың мәні зор. Оны орынды пайдаланған тәрбиеші, ата-ана балаға ақылға қонымды ой айта алады. Баланың қиялын шарықтатып, бала шақтың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін әсерлі ертегілердің тіл дамытуда алар орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет