Жұмбақтар. Ең көне жанрлардың қатарына жатады. Ежелгі рулық қоғам адамдарының құдіретті деп таныған құпия тілінің, сөздерінің негізінде пайда болған.
Мақал мен мәтел. Шығу тегі жағынан бұл да – көне жанр және жұмбаққа жақын. Олардың стилистикалық құрылымы көп жағдайда бірдей болып келеді. Екеуінде де ұйқасты сөз бен тіркес – негізгі форма. Ал олардың айырмасы – мағынада, яғни жұмбақ затты, я болмаса құбылысты суреттейді, мақал – ой түйеді. Жұмбақта тұспал аталады, ал мақалда – түсіндіріледі.
Қорыта айтқанда, ананың əлдиімен, əженің ертегісімен, отбасында айтылған мақал-мəтелдер бала бойына дарытады. Əрбір адамның туған анасынан басқа төрт анасы, туған тілі, туған жері, туған дəстүрі, туған тарихы болуы керек деп М.Шаханов ағамыз айтқандай, өз елінің тілін, дінің, рухани мəдениетін білген адам, біртіндеп əлемдік мəдениетті үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |