Тақырыбы: Қазағымның тілін біл. Мақсаты


-бала: -Өмірде не жетім?-депті қария



бет3/5
Дата21.07.2020
өлшемі18,85 Kb.
#63529
1   2   3   4   5
4-бала: -Өмірде не жетім?-депті қария.

-Ата-анасы жоқ бала жетім, -депті жігіт.

-Дұрыс, балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала –тірі жетім. Өмірде тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса хан –жетім. Ханы ақылсыз болса халқы-жетім, кеңесшісі ақылсыз болса әкім-жетім, суы жоқ құдық-жетім, ұлы жоқ әке-жетім. Қызы жетесіз болса ана-жетім, досы жоқ жігіт-жетім, шәкіртсіз ұстаз-жетім.



5-бала: -Өмір сүру үшін не қажет?-депті қария.

-Ата өмір сүру үшін алтын, нан, мал қажет, -депті.

-Жоқ балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, ақыл қыз қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дімін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді,-депті қария.

6-бала: -Шындықты не бұзады? –депті қария.

-Ата, шындықты тіл бұзады,-депті жігіт.

- Дұрыс, балам, шындықты тіл бұзса өкініші көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу қиын. Адал адам шындықты білсе өсек қылады. Өсек ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өсекшіге ере бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады ,-депті қария.

7-бала: - Адамға ақыл беретін кімдер? –депті қарт.

-Ата, ана тілі ғой ақыл беретін,- депті жігіт.

- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз. Досы екенін ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін –адал дос. Адал дос- ақылшың, ақылшы дос- жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достың көзі ақылдан басталады,-депті қария.

- Міне, балалр, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде кімнің қадірлі екенін, өмір сүру үшін не қажет екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын нен екенін таныстық және осындай ғибрат аларлық сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет