/Мерекелік лебіз/
1-жүргізуші: Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
8-оқушы: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
9-оқушы: Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз.
/Орыс халқының сәлемі/
10-оқушы: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
2-жүргізуші: Сөз кезегін Өзбек мәдени орталығына береміз.
/Өзбек халқының сәлемі/
11-оқушы: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.
1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті қырғыз мәдени орталығының өкілдеріне береміз.
/Қырғыз халқының сәлемі/
12-оқушы: Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
2-жүргізуші: Ортаға көршілес түркмен мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.
/Түркмен халқының сәлемі/
13-оқушы: Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
1-жүргізуші: Сөз кезегі украин мәдени орталығының өкілдеріне беріледі.
/Украин халқының лебізі/
14-оқушы: Тілегі бір,
Жүрегі бір.
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
2-жүргізуші: Өз құттықтау лебізін білдіру үшін ортаға көршілес түрік мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.
/Түрік халқының лебізі/
15-оқушы: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
1-жүргізуші: Сөз кезегі поляк мәдени орталығына беріледі.
/Поляк халқының құттықтауы/
16-оқушы: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
2-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға қытай мәдени орталығының өкілдеріне береміз.
/Қытай халқының лебізі/
17-оқушы: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз!
18-оқушы: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
19-оқушы: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
20-оқушы: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!
1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
2-жүргізуші: Ән «Қазақстаным менің!»
21-оқушы: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
1-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
2-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
1-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
2-жүргізуші: Қазақстан жасасын!
1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |