Тақырыбы: «Қазақстан ортақ үйіміз». Мақсаты



Дата21.04.2023
өлшемі18,43 Kb.
#175087
Байланысты:
Қазақстан - ортақ үйіміз! сынып сағаты
МЕНЕДЖМЕНТ 11 СРСП, 5 - Математика, раоао, ааа, ббб, 1. Фотометрия. С улелік (геометриялы ) оптиканы негізгі за дары, 5. О ушыларды білім, білік, да дыларын тексеруді д ст рлі діс, Емтихан сұрақтарыМОӘ (1), 1649400434, Алгебра 1-тоқсан 7-сынып 1635158175

Тақырыбы: «Қазақстан - ортақ үйіміз».


Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған елдің тарихын білуге тәрбиелеу
Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсінеді, өз құқығын қорғай білуге үйрену, руханилықтың, адамгершіліктің, толеранттылықтың түсінушіліктің символын құрметтеу.


Көрнекілік: Қазақстан Республикасы рәміздері бейнеленген суреттер,слайд.


Әдіс-тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, тақпақтар, мақал-мәтелдер, өлеңдер.

-Балалар ,бүгінгі ұйымдастырылған сынып сағатын бастайық.


-Балалар барлығымыз Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз. Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең байтақ. Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.


Сұрақ-жауап:
1. Қазақстан қандай материкте орналасқан?
ЕУРАЗИЯ
2. Қазақстанның аумағы қанша?
2, 7 МЛН км²
3. Қазақстанда қанша облыс бар?
17
4. Қазақстанда қанша қала бар?
89
5. Қазақстанның Республикасының ұлттық туында не бейнеленген, мағынасы қандай, авторы кім?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.


6. Қазақстанның Республикасының Елтаңбасында не бейнеленген?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.


7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының авторлары?
Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
8.Қазақстан Республикасының негізгі заңы жазылған құжат?
Ата заң
9. Еліміздегі қандай басқа ұлт өкілдері тұрады?
150-ден астам

Қазақстан –бабамнан қалған мұра,


Сенбейсің бе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.

Отан туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?


Болашақта Қазақстанды қалай елестетесіздер? Сол Қазақстандағы сіздердің орындарыңыз қандай?


Қорытынды:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз», біздің өзіміз де, біздің бабаларым да осы жерді мекен етеді. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр. Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел. Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік. Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы шайқалмасын. Ел тыныштығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет