Тақыры‎бы: Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты Орындаған: Султанбекова Айдана Мырзабекқызы ФӨТ 18-002-1


Қазақ өз жерінде отырып, азшылыққа айналды



бет3/7
Дата23.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#113385
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу

Қазақ өз жерінде отырып, азшылыққа айналды

  • Солженицынның естелігін байыппен оқысаңыз, «қазақтар өз жерінде отырып, азшылыққа айналды» дейді. Келімсектердің көптеп келуінен ғана емес. Олар келгенге дейін санымыз азайып қалып еді. Ол былай болған: Совет үкіметі орнай сала қазақты қыру жоспарына кірісіп кетті.
  • Ең алғашқы қырғынды 1916-17 жылдар арасында көрдік. Ол заманда ақ пен қызыл қатар шауып, ауылдарды селдіретіп жіберді. Бұл кезде шамамен 500 мың кісімізді жоғалтыппыз.
  • Соңыра қызылдар жеңіп, 1920-1921-нші жылдары азаматтық соғыстың салдарын еңсеру үшін, «салғырт» деген жаңа салық ойлап тапты. 10 қапшық ұның болса, 9-ын алып қояды. Жалғыз қапшықты қайтесің? Жеп қойсаң, келер жылға егерге дән, тірерге тұяқ қалмайды емес пе? Бір айналдырғанды шыр айналдырады. Сол 1922 жылдың көктемінде қатты қуаңшылық боп, арты алапат аштыққа ұласты. Бұл аштықта қазақ 1 миллион 800 мың адамынан айырылды.
  • Алаш қайраткерлерінің жылу жинап, ашыққан жұртқа мал үлестіруінің арқасында алғашқы аштықты еңсердік. Енді ес жиып, қайта берекелі ғұмырға көше бергеніміз сол еді, Сталин «ССРО-ны индустриалды ел етем» деп ентікті. Зауыт-фабрикаға керекті жабдықтарды сатып алуға ақша жоқ. Коммунистер халықты тонауға көшті. «Қазақтың қолындағы 40 миллион қой-ешкіні мемлекеттің мүлкі» деп жариялап, онысын тартып ап, соғым ретінде Еуропаға сатты. Түскен ақшаға, жабдықтар ала бастады. Бұл 1932 жылдың көктемі еді. Қолында тышқақ лағы қалмаған қазақ тағы аштыққа ұрынды. Бұл жолы 3 жарым миллион алаш ажал құшты.
  • Кейбір деректерге сенсек, Совет үкіметі орнағанға дейін қазақтың саны 9 миллионнан асып түсіп, даланы тұтас қамтып жатқан. 3 қайтара соққан аштықтан жұртымыз 80 пайызынан айырылып, ҚАЗАҚИЯ селдіреп қалды.
  • Осылай Совет билігі қазақтан босап қалған алып даланы игеру үшін Ресейдің ішкі облыстарынан кулак деп айыпталған, «сенімсіз» деп танылған адамдарды топырлатып әкеле бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет