Тақыры‎бы: Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты Орындаған: Султанбекова Айдана Мырзабекқызы ФӨТ 18-002-1



бет4/7
Дата23.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#113385
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу
41f0b16e-bd76-11e3-b0bc-f6d299da70eeУМКД СМЖ матер.каз, Тапсырма 2-күн (1), ttt, ttt, темперамент, даталар, 991hjg

Қазақстан компартиясының көшбасшысы Филипп Голощекин 1927 жылы "Кіші Қазан" төңкерісін жариялады. Бұл ұжымдастыру мен көшпелі қазақтың отырықшылық өмірге бейімделуін танытты. Асыра сілтеу мен халықтың қолындағы малды тартып алып қою салдарынан 1932-33 жылдары Қазақстанда бір жарым миллион адам көз жұмды. 600 мыңға жуық қазақ елін тастап, көшіп кетті. Биліктің мұндай саясаты кей өңірлерде қарулы бас көтеруге әкеп соқты, алайда ол аяусыз басып-жаншылды.

  • Қазақстан компартиясының көшбасшысы Филипп Голощекин 1927 жылы "Кіші Қазан" төңкерісін жариялады. Бұл ұжымдастыру мен көшпелі қазақтың отырықшылық өмірге бейімделуін танытты. Асыра сілтеу мен халықтың қолындағы малды тартып алып қою салдарынан 1932-33 жылдары Қазақстанда бір жарым миллион адам көз жұмды. 600 мыңға жуық қазақ елін тастап, көшіп кетті. Биліктің мұндай саясаты кей өңірлерде қарулы бас көтеруге әкеп соқты, алайда ол аяусыз басып-жаншылды.
  • Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысы қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.

Большевиктердің сорақылық саясатын көзімен көріп,  жүрегімен сезген Алаш арыстары «өзгеше пікірлі» болғаны үшін әртүрлі жазаларға тартылды, соңы жаппай қырып-жоюмен тынды.

1937 жылдың 30 шілдесінде басталып, 1938 жылдың соңғы айына дейін үздіксіз жалғасқан 17 айдың ішінде Қазақстанда сталиндік жазалау саясаты қарқынды жүрді. Бұл тарихта «Үлкен террор» деген атпен қалды.

Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты «халық жауларын» табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын «партия мен халыққа бөтен элементтер» арасынан іздеу көзделеді. Мұндай «бөгде элементтер» ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің «басқаша» ойлайтын азаматтары арасынан іздестіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет