Тақыры‎бы: Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты Орындаған: Султанбекова Айдана Мырзабекқызы ФӨТ 18-002-1



бет7/7
Дата23.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#113385
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу

Лагерьлер

  • Адам өмірін бір оқпен ғана шешуге негізделген жоғарыдағы шешімдерді жүзеге асыру жəне тоталитарлық режимді нығайту үшін арнайы мекемелер «желісі» қажет болады. Қазақстанның табиғи-географиялық ерекшелігі мұндай «желілер» құруға сəйкес келеді. 1939 жылдың аяғына қарай КСРО-да 600-ден аса жалпы жəне ішкі түрмелер болады, оның ішінде Қазақстанда 23 жалпы жəне 11 ішкі түрмелер орналасады. Жалпы, Қазақстан мен Орта Азия территориясында орналасқан сталиндік 32 лагерьде жазасын өтеген жазықсыз жандар əр түрлі өнеркəсіп салаларында жұмыс істейді
  • Ақтөбе лагері. Сотталғандар құрылыс жұмыстарымен, оның ішінде химия зауытын салумен айналысады.
  • Алжир — Отанын сатқандардың əйелдерінің Акмолалық лагері (Акмолинский лагерь жен изменников Родины)
  • Алматы лагері. Құрылыс жұмыстары.
  • Андижан лагері (Өзбекстан). Құрылыс материалдары.
  • Ашхабад лагері (Түркіменстан). Цемент карьері.
  • Балқаш лагері. Мыс өндіру жəне құрылыс жұмыстары.
  • Жамбыл лагері. Гипс жəне цемент өндіру.
  • Жезқазған лагері. Марганец пен мыс өндіру. Құрылыс жұмыстары.
  • Ырғыз лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  • Қазалы лагері. Кірпіш зауытында жұмыс.
  • Камышинск арнайы лагері.
  • Карлаг. Лагерь басшылары Долинкада орналасады. Көмір, түсті металдар шығару. Ауыл шаруашылығы. 1932 жылы құрылады.
  • Кеңгір лагері.
  • Қызылорда лагері.
  • Көкшетау лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  • Красноводск лагері (Түркіменстан). Құрылыста, химзауытта жұмыс істеу.
  • Қостанай лагері.
  • Ленинабад лагері (Тəжікстан). Канал құрылысы.
  • Луглагерь. Арнайы лагерь.
  • Песчанлаг. Арнайы лагерь. Марганец пен мыс шығару. Бұрынғы Жезқазған облысында орналасқан.
  • Петропавл лагері.
  • Семей лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  • Степлаг. Арнайы лагерь. Лагерь басшылары Жезқазғанда орналасады.
  • Ташкент лагері (Өзбекстан).
  • Түркістан лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  • Орал лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  • Өскемен лагері. Қорғасын шахтасында жұмыс, полиметалл өндіру.
  • Фергана лагері (Өзбекстан). Құрылыс жұмыстары. Химиялық жəне цемент зауытында жұмыс. Темірбетон өндіру.
  • Фрунзе лагері (Қырғызстан).
  • Чарджоу лагері (Түркіменстан).
  • Шымкент лагері.
  • Екібастұз лагері. Құрылыс жұмыстары. Химиялық жəне цемент зауыттарында жұмыс.
  • Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - Мағжан Жұмабаев, Сəкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, көрнекті ғалымдар - Ахмет Байтұрсынұлы, Санжар Асфендияров т.б мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.
  • 50- жылдардың ортасында лагерьлерге қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шықты.
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау - 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, зұлымдық тәсілмен жүргізгендігін дәлелдеді.
  • Қазақ даласын атақты және адал азаматтарынан айырған сталиндік геноцид саясаты қазақ интеллегенциясын жойып жібергені ақиқат. Сондықтан, бүгінгі күнде саяси репрессия тақырыбын əлі де болса тереңірек зерттеп, жаңа ғылыми жұмыстарын жүргізу қажет.
  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, 1997 жылы " 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні " болып ресми түрде жарияланды. Бұл жас ұрпақтың бойына отаншылдық сезімін ұялатуға, тарихтың " ақтаңдақ беттерін " зерделеу отырып, өшкенді жаңғырту, қоғамдық жүйені парасаттылық тұрғысынан пайымдау үлгілерін танытуға мүмкіндік береді.
  • Қазақстандағы партия ұйымдарында тазарту жұмыстарын жүргізіп, жазықсыз жандарды ату жазасына кескен сталиндік жүйе бұл қанды қырғынмен толастамайды. 1938 жылы 15 мамырда республика басшысы Л.Мирзоянға И.Сталиннен «жұмысты Скворцовқа тапсырып, жаңа қызметке тағайындалу үшін Кремльге келіңіз», — деген жеделхат келеді. Жеделхатты алысымен жолға шыққан Л.Мирзоянды 23 мамырда Мəскеуге бара жатқан жолда Коломнада қамауға алынып, 1939 жылы 26 ақпанда Лефортов түрмесінде атады [10, 11–12]. 1938 жылы 16 мамырда Б (б) КП ОК өкімі бойынша шыққан Қ (б) КП ОК № 123 шешімінде Л.И.Мирзоянды қызметінен босату туралы шешім қабылданады. 1938 жылы 17 мамырда өткен ҚазПИ партия ұйымдарының жиналысында қазақ халқына адал қызмет еткен Л.Мирзоянның атына қатаң сын айтылып, оны Қазақстанға «өз адамдарын», «өз артелін» əкеліп, оның көпшілігі нəтижесінде «халық жаулары»  болып шыққандығын, оның сын-пікір айтуға əрқашан тосқауыл болғандығы туралы айыптар тағады [10; 240–241].
  • Осы тұста «мыңдаған жазықсыз жанның өмірін қиған «қанды қырғын» Кеңес мемлекетіне не үшін қажет болды?» деген орынды сауал туындайды. Мемлекеттің түрме, лагерлердегі бірнеше миллиондаған адамдарды ұстауға артық қаражаты болды ма? Əрине, жоқ. Қамаудағы адамдар ең алдымен, кеңес экономикасын көтеретін «өзін-өзі ақтайтын» құрал болды. Шын мəнісінде, өте қысқа мерзім ішінде орасан зор өнеркəсіптік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бергендіктен, репрессия индустрияландыру  саясатының  тиімді  бөлігі  болып  табылды.  Мəселен,  зерттеуші М.Əбдікəрімов:
  • «ГУЛАГ экономикалық субъект ретінде ХХ ғасырдың ең тиімді жобасы болды. Асырауға шамалы шығын ғана кететін қамаудағылардың, ақшаға емес, өлім қауіпінен қорқып жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбектері ГУЛАГ ресурстарымен өркениетті экономикалық тəсілдермен он шақты жылды қажет ететін жұмыстарды 5–6 жылда жасауға мүмкіндік берді», — деп жазады. Осылайша, бүгінде репрессияның экономикалық жасырын сыры айқын бо
  • Қазақ даласын атақты жəне адал азаматтарынан айырған сталиндік геноцид Ақпан жəне Қазан төңкерісітер кезеңінде 2-ге бөлінген қазақ интеллигенциясын жойып жібергендігі тарихи ақиқат. Сондықтан, бүгінгі күнде саяси репрессия тақырыбын əлі де болса тереңірек зерттеп, жаңа ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алғаннан кейін, 1997  жылы «31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми түрде жарияланды. Бұл жас ұрпақ бойына отаншылдық сезімін ұялатуға, тарихтың «ақтаңдақ беттерін» зерделей отырып, өшкенді жаңғырту, қоғамдық жүйені парасаттылық тұрғысынан пайымдау үлгілерін танытуға мүмкіндік береді.
  • 1993 жылы 14 сәуiрде ҚР жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы
  • 1995 жылы ҚР-ның Президентi жанындағы Мемлекеттiк саясат жөнiндегi Ұлттық Кеңестiң мәжiлiсiнде «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы»
  • 1996 жылы 30 желтоқсанда ҚР Президентiнiң «1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы» Жарлығы, 
  • 1997 жылдың 31 мамырын саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi ретінде бекiту туралы ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Өкiмi, соған сәйкес «Келешек күндерiмiздiң бәрi жарық болғай» деген атаумен ҚР-ның Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Қазақстан азаматтарына Үндеуi жарық көрді.
  • Саяси қуғын – сүргін салдарынан конформизм, бюрократизм, жағымпаздану секілді көптеген адами дамуға кереғар теріс түсініктер өмірден орын алып, тамырын тереңге жайды. Алаш зиялыларының «большевиктер ылаңы көпке кетер, биліктен кеткенше талайды былғап кетер»,- деген мазмұндағы даналығының ақиқатына біз куә болып отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет