Прагматизм философиялық ағым ретінде XIX-XX ғ.ғ. шектерінде пайда болды. Ғылым, техника жəне өндірістің қарқынды дамуы материалистік философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау салды. Прагматистік бағытты қалаушылар идеализм мен материализмнен бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын жария етті. Прагматизмдегі басты ұғым- «тəжірибе», «іс»(грекше «прагма»), осыдан олар болмыс танудың негізі жеке адамның іс-тəжірибесінде деп біледі де объектив білімдерді мойындаудан бас тартады. Олардың пікірінше, адамның практикалық іс-əрекетінің нəтижесінде алынған, ол үшін құндылықты болған білімдер ғана шынайы сипатта болуы мүмкін.Барлық құқықтар қорғалған.
Прагматизмнің аса көрнекті өкілі- американдық ғалым-Дж.Дьюи. Оның шығармашылығымен жүзеге келген прагматикалық педагогика көптеген елдердің, əсіресе АҚШ-тың мектептік білім жүйесінің қалыпқа түсіп, өркендеуіне зор ықпал жасады, əлі де ықпал жасауда. Өзінің көптеген педагогикалық еңбектерінде Дж.Дьюи ескі, схоластикалық мектепті сынай отырып, оқу мен тəрбиеге орай аса маңызды болған бірқатар принциптерді алға тартты. Олардың ішіндегі бала белсенділігін дамыту, бала оқуының ықпалды мотиві- қызығуға дем беру принциптерінің орындалуын білім игертудегі басты міндет деп есептеді.
Прагматизмнің тірек ұғымы «тəжірибеге» сүйене отырып, Дж.Дьюи оқу процесінің негізі баланың жекеленген іс-əрекеттік тəжірибесінде болатынын уағыздады.
Оның ойынша, оқу-білім мақсаты балаға тумадан берілген инстинкттер мен қабілеттердің өзіндік көрінуіне ықпал жасау. Дж.Дьюи жəне оның ізбасарлары (Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли жəне т.б.) инабаттылық тəрбиесі мəселелерін де осы жекеленген тəжірибе тұрғысынан қарастыруды дəріптейді. Адам өз əрекет-қылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптер мен ережелерге тəуелді болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі əрекетке кірісуі қажет екендігін мақұлдайды. Жеке табысқа жету жолында жəрдем бергеннің бəрін прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.Барлық құқықтар қорғалған.