Джон Дьюидің прагматизм туралы ойы:
Философияда ол инструментализм деп атады, Джон Дьюэй Пирстің және Джеймсдің прагматизм философиясын біріктіруге тырысты. Осылайша, инструментализм логикалық тұжырымдамалар, сондай-ақ этикалық талдау болды. Инструментализм Дьюидің идеяларын негіздеу және зерттеу жүргізілетін жағдайлар туралы сипаттайды. Бір жағынан, ол логикалық шектеулермен басқарылуы керек; екінші жағынан, ол тауар шығаруға және құнды қанағаттандыруға бағытталған.
Қорытындылай келгенде,біз прагматизм туралы көп айтамыз және бұл мемлекетіміздің экономикалық табысы үшін өте маңызды мәселе. Шынымен де қарапайым шындық. Бұл әрбір адамға белгілі. Егер сен ақылмен емес, эмоцияға бағынсаң, өмір баспалдағыңды жоспарламай, орындалмас арман және үмітпен өмір сүрсең – жетістік болмайды. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бұл туралы өзінің мақаласында жақсы түсіндіреді. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев атамыз. Президенттің пікірінше, нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі. Өкінішке қарай, бізде кез-келген адам өзін прагматик деп атай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |