Тақырыбы: Қазақстанның оңтсүтік жəне оңтүстік-шығыс аймақтарының суармалы егіншілігінде жаздық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі


Отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу жүйесі



бет3/7
Дата19.12.2021
өлшемі19,66 Kb.
#103276
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс.№17-18

Отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу жүйесі


Қазақстанның суармалы егіншілігінде жоғары өнімді техникалық дақылдар өсірілетін болғандықтан олар вегетация кезінде минералдық тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріледі, суарылады жəне қатараралықтары əр бір суарғаннан кейін культивацияланады. Сондықтан, отамалы дақыл- дардан кейін танаптың технологиялық қасиеттері біршама жақсарады.

Отамалы дақылдардан кейін сүдігер жырту тереңдігі келесі себілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Отамалы дақылдар- дан кейін дəнді масақты дақылдар себілетін болса, онда сүдігерді артына тісті тырма тіркелген қайырмалы соқамен 20-22 см тереңдікке жыртса жеткілікті.

Жүгері, əсіресе қант қызылшасы, картоп сияқты отамалы дақылдар топырақты тереңге, яғни 30-32 см-ге дейін қопсытуды қажет етеді. Қант қызылшасы себілетін танаптың топырағы таяз жыртылатын болса, оның тамыр-жемісі қысылып өспей қаладыда, аталған дақылдың өнімі күрт

төмендейді. Картоп отырғызылатын танапта тереңге жыртылуы керек, кері жағдайда оның да түйнектері ірі болып өспейді.

Жүгерінің тамыр жүйесі күшті дамыған, сондықтан одан кейін танапты екі рет дискілеп, сүдігер жыртар алдында суарып, содан соң топырақты 25-27 см тереңдікке қайырмалы соқамен жырту керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет