Екпелі көпжылдық шөптерден кейін топырақ өңдеу жүйесі
Республиканың суармалы егіншілігінде негізінен жоңышқа өсіріледі, себебі ол суды көп пайдаланатындықтан жерді екінші рет сортаңданудан сақтайды жəне басқа екпелі көпжылдық шөптермен салыстырғанда өнімді көп береді. Жоңышқадан кейін топырақты негізгі өңдеудің өз ерекшелігі бар.
Соңғы жылғы жоңышқаны екінші рет шауып алғаннан кейін оның қыртысын түренді сыдыражыртқышпен 8-10 см тереңдікке өңдеу жоңыш- қаның тамыр мойнын қырқып жердің бетіне шығарып тастайды, сондықтан ол қурап өзінің тіршілік қабілетін жоғалтып, қайтадан көктеп шықпайды. Осыдан екі апта өткен соң жер жырту алдында танапты суарады, ал топырақ дегдігеннен кейін оны шолақ түренді соқамен 30-32 см-ге дейінгі тереңдікке жыртады. Шолақ түрен жоңышқаның қыртысын 10 см-ге дейін тіліп алып қарықтың түбіне түсіреді, ал артындағы негізгі корпус оны ылғал топырақпен жабады. Бұл қарықтың түбіне түскен қыртыстың уақытылы ыдырап, жақсы минерализациялануына мүмкіндік туғызады. Жоңышқа қыртысын осы тəсілмен өңдегенде ол қайтадан көктеп шықпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |