Аралық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі
Бір жерден жылына екі өнім алу аралық дақылдарды себу арқылы жүзеге асырылады. Осы талапқа республиканың күзі жылы жəне ұзақ келетін оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс аймағының суармалы егіншілігі ғана сай келеді. Өйткені ерте пісетін негізгі дақылдарды жинап алғаннан кейін 80 нен
100 күнге дейін аязсыз кезең, 1800-2300 градус жылу жиынтығы жəне жеткілікті мөлшерде ылғал болады. Бұл аралық дақылдарды өсіруге қолайлы жағдай туғызады.
Аралық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылдарға байла- нысты. Дəнді масақты дақылдарды жинап алғаннан соң іле-шала танапты 22- 25 см тереңдікке тісті тырма тіркелген қайырмалы соқамен жыртады.
Негізгі дақыл жоңышқа болғанда, оны бір-екі рет шауып алғаннан кейін топырақты дымқылдату үшін танапты суарады, содан 3-4 күннен кейін жоңышқа қыртысын өңдеу қабаты тереңдігіне шолақ түренді соқамен жыртады, іле-шала бір-екі ізбен дискілейді, тырмалайды жəне тығыздайды.
Достарыңызбен бөлісу: |