Егін себер алдындағы жəне сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі
Суармалы егіншілікте күзде сүдігер қайырмалы соқамен жыртыла- тындықтан ерте көктемде топырақ өңдеу танапты тырмалаудан басталады. Ол топырақ физикалық "пісіп-жетілгенде" тісті БЗТС-1, БЗСС-1 немесе БДТ-7 тырмаларының бірімен жүргізіледі. Əдетте тырмалау бір немесе екі ізбен жүргізіледі. Тырмалаудың арқасында топырақ қабыршағы жойылады, ылғал-
дың буланып ұшып кетуі азаяды. Оның саны мен жүргізу тереңдігі себілетін дақылдарға байланысты.
Ерте себілетін дақылдарға культивациялау бір рет арамшөптер əбден көктеп шыққаннан кейін 6-8 см тереңдікке РВК-4,2, РВК-5,6 культиватор- лармен жүргізіледі.
Кеш себілетін жылу сүйгіш техникалық дақылдарды сепкенше топы- рақты екі рет культивациялауға болады. Бірінші рет арамшөптер көктеп шыққан соң, ал екінші рет дəл егін себер алдында тұқым сіңіру тереңдігіне. Тұқымы майда дақылдар үшін жəне суармалы егіншілікте егін себер алдында топырақты сақиналы-бұдырлы ЗККШ-6 тығыздауышпен тығыздайды. Күріш егісі алқабында танапты тегістейді.
Суармалы егіншілік жағдайында егін сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу- дің алдына мына мақсаттар қойылады:
- ерте көктемде күздік дақылдар егісінде пайда болған топырақ қабыршағын жою;
-өсімдікті үстеп қоректендіру;
-вегетация кезінде дақылдарды суарудан кейін пайда болған топырақ қабыршақтарын жою;
-қолдан берілетін судың танап бетінде біркелкі жойылуын қамтамасыз
ету;
-танапта суару қарықтарын жасау.
Келесі топырақ өңдеу тəсілі – егін көктеп шыққанға жəне шыққанан
кейін топырақты тырмалау. Ол үшін тісті жеңіл БЗСС-1 тырмасы қолда- нылады.
Егін сепкеннен кейінгі топырақ өңдеудің басты тəсілі - отамалы дақыл- дардың қатараралығын культивациялау. Оның мезгілі, тереңдігі мен саны өсірілетін дақылдарға, танаптың арамшөптенуіне, топырақтың тығыздылы- ғына, өсімдіктің биіктігіне байланысты.
Отамалы дақылдардың қатараралығын культивациялаумен бірге олар вегетация кезінде минералдық тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріледі. Ол үшін КРН-4,2, КРН– 5,6 культиваторлары пайдаланылады.
Қант қызылшасын сирету жəне бір мезгілде қатараралықты қопсыту үшін УМСП- 5,4 А машинасы қолданылады.
Картопты түптеу жəне қатараралығын өңдеу КОН-4,2 культиваторы арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |