Тақырыбы: «Бала құқығы –асыл қазына» Мақсаты



бет1/3
Дата27.06.2023
өлшемі23,72 Kb.
#179191
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
бала құқығы жоспар


Тақырыбы: «Бала құқығы –асыл қазына»
Мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, бала құқығы туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық
адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер,суреттер,слайд.
Сабақтың барысы: І. Кіріспе.
Біз қандай планетада өмір сүреміз?
Жер планетасы
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан
Біздің елде тұратын адамдарды қалай атайды?
Қазақтар
Қазақстан – өте бай,әдемі ,көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстанның астанасы қай қала?
Астана .Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде.Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау,салық төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта,достықта өмір сүреді
Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған. Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған.
Конвенция дегеніміз ол- бала құқығы туралы келісім шарт
Құқық деген -Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
Ол 98бапты біріктіріп,9бөлімнен тұрады.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қойды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.

«Сандар сөйлейді.


1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан - Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
2002 жылы 8-тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»заң қабылданды
«Біз неге құқылымыз?» 
 Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.
 Ата-аналарымен бірге өмір сүруге
 әркімнің өмір сүруге құқығы бар
Тегін ауруханада емделуге
 Балабақшаға келуге
 Тегін білім алуға
 Демалуға
Еркін ойнауға
 Еркін өз ойын толық жеткізуге
 Өз тілінде сөйлеуге
-Балалар,ыңғайланып отырып болсақ ,менің қолымда сиқырлы алтын сандық бар.Ал,сендер, ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Бұл «Туу туралы куәлік».Куәлікті таныстыру.
Көрініс.Құқығым бар
24-бап.Әркімнің еңбек етуге, тынығуға құқығы бар. Рахат
Еңбексіз адам гүлдемес
Білімсіз адам түк емес
Еңбек пен білім ұштасса
Тынығарсың бір белес.
Бақдәулет 21-бап
Әйгерім 20-бап
Шапағат.4-бап
Мадияр. 10-бап


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет