ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
❑
Дамыта оқыту технологиясы
– күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның
нəтижесінде əр баланың өзін өзі өзгертуші субьект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту
барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан
айырмашылығы: көздеген мақсатында, мəнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі
факторында. Педагогтың рөлі мен атқаратын қызметінде, əдіс тəсілінде, т.б.
❑
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының
зерттеушілері тəлім – тəрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты бала тұлғасын дамыту деп
таниды.
❑
Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, əр адамның өз
қолында, оны сырттан əсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім
беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Бала тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік
қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
❑
Сондықтан білім беру жүйесінің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің
өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын
көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі əдістері мен амалдарын анықтап,
жүзеге асыру қажет.
|