1) Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз. 2) Сатып алу, тамақ әзірлеу және сақтау кезінде шикі, пісірілген және пайдалануға дайын тағамдарды бір - бірінен бөлек ұстаңыздар. 3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін қыздырыңыздар. 4) Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтаңыздар. 5) Мыналарды пайдаланудан алшақ болыңыздар: • шикі (пастерленбеген) сүттен және құрамына пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан; • шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан • шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен; • пастерленбеген шырыннан.
Қорытынды
Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы “қалай денсаулықты сақтаудың” ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.