1.2 Ұйымдастырушылық шешімдер Коммуникациялар процесі секілді шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру басқарудың барлық аспектыларында бейнеленеді. Шешімдерді қабылдау – басқарушының күнделікті жұмысының бір бөлігі. Профессор Фрэнк Харрисон айтқандай: «Шешімдерді қабылдау – бұл кезкелген тектегі ұйымды басқарудың интегралдық бөлігі. Кезкелген басқа қимылдан гөрі берілген саладағы құзыреттілік менеджерді менеджер еместен, басқаша айтқанда, тиімді жұмыс істеп жатқан менеджмерді тиімсіз жұмыс істеп жатқан менеджерден айырады». Шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру саласында Минцберг басшының төрт рөлін айырып көрсетті – кәсіпкер, жұмыстағы бұзылыстарды түзету бойынша маман, ресурстарды үлестіруші және келісімдерге қол жеткізу бойынша маман. Менеджер жұмысының сипаты өзі орналасқан басқару деңгейіне тәуелді болғандықтан, әр түрлі деңгейлерде қабылданатын шешімдердің сипатында да айырмашылықтар болады. Әйтсе де, бұл рөлдердің бәрін де әрбір менеджер қандай-да бір мөлшерде орындайды.
Жоғарыда айтылғандай, шешім – бұл баламаны таңдау. Кезкелген басқарушылық функция іске асырылуды талап ететін бір қатар жалпылама сипатқа ие, өте маңызды шешімдермен байланысты болады.
Ұйымдастырушылық шешім – бұл басшы өзінің алып отырған лауазымына сәйкес міндеттерді орындау үшін жасауға тиісті таңдауы. Ұйымдастырушылық шешімнің мақсаты – ұйымның алдында қойылған мәселелерге қозғалысты қамтамасыз ету. Сондықтан, ең тиімді ұйымдастырушылық шешім – бұл шың мәнінде жүзеге асырылатын және соңғы мақсатқа қол жеткізуге ең үлкен үлесін қосатын таңдау.
Ұйымдастырушылық шешімдерді бағдарландырылған (запрограммированные) және бағдарландырылмаған қылып жіктеуге болады.
Бағдарландырылған шешімдер. Нобель сыйлығының лауреаты Герберт Саймон компьютерлік технологиялар тілінен «бағдарландырылған» деген терминді алып, ол арқылы жоғары мөлшерде құрылымдандырылған (структурированные) шешімдерді сипаттады. Бағдарландырылған шешім – математикалық теңдеуді шешкен кезде қабылданатын қадамдарға немесе іс-әрекеттерге ұқсас қадамдар немесе іс-әрекеттердің белгілі бір тізбектілігінің жүзеге асырылу нәтижесі. Әдетте, мүмкін болатын баламалардың саны шектелген және таңдау ұйыммен берілген бағыттардың шегінде жасалауы тиіс.
Бағдарландырылмаған шешімдер. Бұл типтегі шешімдер қандай-да бір мөлшерде жаңа, ішкі құрылымдандырылмаған және белгісіз факторлармен байланысты ахуалдарда талап етіледі. Қажетті қадамдардың нақты бір тізбектілігін алдын ала құру мүмкін емес болғандықтан, басшы шешімді қабылдаудың процедурасын жасап шығаруы тиіс. Бағдарландырылмаған шешімдерге келесі типтегі шешімдерді жатқызуға болады: ұйымның мақсаттары қандай болуы керек, өнімді қалай жақсарту керек, басқарушылық бөлімшенің құрылымын қалай жақсарту керек, бағыныштылардың ынталандырылуын қалай күшейтуге болады. Осындай ахуалдардың әрқайсысында кез келген фактор шың себепкер болуы мүмкін. Сонымен қатар, басшы таңдаудың көптеген нұсқаларына ие болады.
Іс жүзінде азғантай басқарушылық шешімдер ғана таза күйінде бағдарланған немесе бағдарланбаған болып табылады. Шешімдердің көбісі шеткі нұсқалардың арасында болады.
Ымыралар (компромиссы). Басқару мәселелерін зерттеу бойынша маман ретінде Роберт Кац әрбір шешім «бір-біріне қарама-қайшы құндылықтарды, мақсаттарды және критерийлерді теңестіруі тиіс. Олардың қарама-қайшылығы соншалық, қай тұрғыдан алғанда да, қабылданған шешім оңтайлы (оптималды) шешімнен нашар болып көрінеді. Бүкіл кәсіпорынға қатысы бар шешім немесе таңдау бәрібір оның кейбір бөліктері үшін теріс салдарды алып келеді». Сол себепті ұйымды жүйелік қатынас тұрғысынан қарастырып, басқарушылық шешімнің ұйымның бүкіл бөліктеріне мүмкін болатын салдарын ескеру керек.
Тиімді жұмыс істейтін басшы өзі қабылдайтын балама кемшіліктерге (айтарлықтай кемшіліктерге де) ие болуы ықтимал екендігін түсінеді және қабылдайды. Ол берілген шешімді қабылдайды, себебі барлық факторларды ескергенде осы шешім соңғы тиімділік тұрғысынан ең қалаулы болып көрінеді.