Тақырыбы: «Білегіңе сенбе, біліміңе сен.»
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексеру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Ауызбіршілікке, топпен жұмыс жасай білуге үйрету.
Барысы:
Қазақ тілі мен Ана тілі бойынша
1-тапсырма: Қызықты тапсырмалар
Әр сөзден бір әріпті сыз. Пайда болған сөзді жаз.
Бөрік - қоян –
Шана - торғай –
Арша - жазық –
Қасық - қарбыз –
Дауысты дыбыстарды қой. Пайда болған сөзді жаз.
Қ р п - с н д қ –
П р д - т м қ –
Д л н - к л м –
Баспалдақпен жүре отырып, заттың атын білдіретін сөздерді жаз.
Сөйлемдердің соңына тыныс белгісін қой. (. ! ?)
Сәуленің көйлегінің түсі қандай
Дала қандай тамаша
Кісіге қарап күлме
Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.
Судың адамға пайдасы мол.
Дескриптор:
Әр тапсырманы толық орындауына байланысты 1 ұпайдан қойылады. Барлығы 1 тапсырма. 1 тапсырмада 1қате кездессе ғана 1 ұпай беруге болады.
2-тапсырма: Мақал – мәтел жазу арқылы аққала құрастыру
Отан, туған жер туралы мақал жаз. (басы)
Еңбек туралы мақал жаз. (ортасы)
Оқу, білім туралы мақал жаз. (аяғы)
Ерлік, батырлық туралы мақал жаз. (бас киімі)
Отбасы туралы мақал жаз. (қолы)
Достық туралы мақал жаз.(қолы)
Дескриптор: Қай топ аққаланы қатесіз бірінші құрастырса, сол топ 5 ұпай алады. Екінші құрастырса – 4 ұпай, үшінші құрастырса – 5 ұпай.
2. Математика бойынша
1-тапсырма
Дескриптор: Дұрыс орындалған тапсырмаға 5 ұпай. Қате санына байланысты ұпай санын беріледі.
2-тапсырма.'>2-тапсырма. Көбейту кестесін орындай отырып, берілген суреттерді бояу.
Дескриптор: Қатесіз шығарған топқа – 5 ұпай.
3. Дүниетану мен жаратылыстану бойынша
1-тапсырма. Суретте көрсетілген сүтқоректілердің төлдерінің атауларын жазу.
Дескриптор: Дұрыс жазуына байланысты 7 суретке – 7 ұпай. Қате санына байланысты ұпай саны төмендетіледі.
2-тапсырма.
Қызықты тапсырмалар
Мынау қай ғаламшар? __________
Бақа жануарлардың қандай тобына жатады?
Құмырсқаның дене мүшелерінің атауын жаз.
Қаңқа сүйектері өсе ме? _________________
Табиғатта таза суды қайдан кездестіруге болады?
Дескриптор: 5 тапсырмаға 5 ұпай қойылады. Қате санына байланысты ұпай азайтылады.
4. Көркем еңбек пәні бойынша
Түрлі түсті қағаздан қиылған фигуралар беріледі. Оқушылар өз қиялынан фигуралардан пішіндер құрастырады.
Дескрипор: жұмыстың таза орындалуына көңіл бөлінеді. Шығармашылық тапсырма болғандықтан орындалуына қарай ұпай беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |