Тақырыбы: Бинес идеяны таңдау Дәріс жоспары


БИЗНЕС-ИДЕЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?



бет2/4
Дата12.09.2020
өлшемі23,38 Kb.
#78225
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
cca805cb-cfab-4e9f-9e13-e25f801ead2c

2. БИЗНЕС-ИДЕЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бизнес-идея - болжамды бизнестің қысқа әрі нақты анықтамасы. Өз бизнесіңізді бастау үшін сіз немен айналысқыңыз келетінін анықтап алуыңыз керек. Жобаның табыстылығы оның негізінде қандай бизнес-идея жатқанына тікелей байланысты.

Бизнес-идея:

 тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс;

 табыс әкелуі тиіс;

 кәсіпкерге моральдық қанағат әкелуі тиіс.
Мыңдаған идеялар бар, олардың ондағаны жүзеге асырылады, ал табысқа бірлі-жарымы жетеді. Табысты идеяны іздеу және таңдау құпиясы неде?

Бизнеске арналған идеяларды таңдау ережелері



Бірінші ереже. Идея көп болуы керек. Идеяның көп болуы әрқайсысының ерекше екенін, біреуі екіншісінен перспективалы екенін, әртүрлі ресурстарды қажет ететінін білдіреді., осының бәрі олардың арасынан басым тұрғанын таңдап алуға мүмкіндік береді.

Екінші ереже. Идея бизнес бастамашысы үшін түсінікті қызмет саласынан болуы тиіс. Кәсіпкер өзінің құзыреттілігі жоқ салалардағы жобалармен айналысса – табысқа жету мүмкіндігі бірнеше есе төмендейді.

Үшінші ереже. Идея қызықты болуы керек. Бизнес бастағанда кәсіпкер әдетте өзінің барлық уақытын - жұмыс уақытын және бос уақытын толық жобаға арнайды. Сондықтан қызықсыз жоба кәсіпкерді моральдық қанағаттандырмайды.

Бірінші қадам - тауашаны таңдау. Ол үшін кәсіпкер мынадай сұрақтарға жауап береді: "Мен нақты немен айналысқым келеді?". Бизнес үшін тауаша таңдау - алғашқы әрі өте маңызды қадам. Өйткені, сізге өз ісіңізбен жылдар бойы күн сайын, кем дегенде 8 сағаттап айналысуға тура келеді. Егер сізді өз жұмысыңыз қанағаттандырмаса, сізде оны орындауға мотивация болмайды. Ал мотивациясыз прогресс болмайды.

Абай Құнанбаевтың мынадай белгілі нақыл сөздері бар: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», сонымен қатар кең таралған тағы бір нақыл сөз бар: "Өзіңді таны, ол - қызық! Өзіңді таныт, ол да - қажет. Өзіңді жетілдір, ол - қолыңнан келеді! Өзіңді көрсет, ол - лайықты іс!". Неге бәрі өзін танудан басталады? Өйткені өзін-өзі танымай бизнесті жүзеге асыру мүмкін емес. Өзіңізге былай деп сұрақ қойыңыз: "Мен не істей аламын?", "Менің не істегім келеді?". Егер тауашаны таңдау сіздің ішкі қажеттіліктеріңіз бен жеке тұлға ретіндегі қызығушылығыңызға сәйкес келмесе, сіз өз ісіңізге толығымен беріле алмайсыз, жұмыстан ләззат ала алмайсыз, өз командаңыздың қалған мүшелерін ынталандыра алмайсыз.

Сізге өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды зерттеу керек. Оған жұмсалған уақыт мың есе өтеледі және тиімді бизнес-шешімдер туғызады. Сондықтан, бұл кезеңде бірнеше сағат бөліп, қағаз бен қалам алып өз минустарыңыз бен плюстеріңіздің кестесін құрыңыз. "Кемшіліктер" бағанында "Клиенттермен сөйлесуді ұнатпаймын", "Кәсіби білім жетіспейді", "Бастапқы капиталды қалай тарту керектігін білмеймін" және т. б. жазулар пайда болсын. Сіздің барлық кемшіліктеріңіз - бір жағынан сіздің бизнесіңіз үшін қауіпті. Бірақ егер сіз оларды жақсы білсеңіз, кемшіліктер мүмкіндікке айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет