Тақырыбы: Біртекті магнит өрісінде катушканы бір қалыпты айналдырғанда айнымалы токты алу. Токтың периоды мен жиілігі



Дата24.04.2020
өлшемі84,23 Kb.
#64616
Байланысты:
Айнымалы ток


Тақырыбы: Біртекті магнит өрісінде катушканы бір қалыпты айналдырғанда айнымалы токты алу. Токтың периоды мен жиілігі
Айнымалы ток, кең мағынасында ­– бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.

Ток күші (және кернеу) өзгерісі қайталанатын уақыттың (секундтпен берілген) ең қысқа аралығы период (Т) деп аталады. Айнымалы токтың тағы бір маңызды сипаттамасы – жиілік (ƒ). Дүние жүзі елдерінің көпшілігіндегі және Қазақстандағы электр энергетикалық жүйелерде пайдаланылатын стандартты жиілік – 50 Гц, ал АҚШ-та 60 Гц. Байланыс техникасында жиілігі жоғары (100 кГц-тен 30 ГГц-ке дейін) айнымалы ток пайдаланылады. Арнайы мақсат үшін өндіріс орындарында, медицинада және ғылым мен техниканың басқа салаларында әр түрлі жиіліктегі айнымалы ток, сондай-ақ импульстік ток қолданылады. Ток кернеуін кемітпей түрлендіруге болатындықтан іс жүзінде айнымалы токты электр энергиясын жеткізуде және таратуда кеңінен пайдаланады.


Айнымалы электр тогы, немесе айнымал ток деп белгілі бір уақыт ішінде өзгеріп отыратын токты айтады. Қаралып отырған уақыттағы токтың мәні токтың лездік мәні деп аталады. Техникада белгілі бір уақыт аралығында бірдей өзгеріп отыратын, яғни периодты түрде өзгеріп отыратын токты қолданады. Кеңінен қолданылатын ток синусоидальды ток, яғни уақыттың синусоидальды функциясы болып табылатын ток.

Синусоидальды токтың лездік мәні:



мұндағы i – синусоидальды токтың лездік мәні;

Im – токтың максималды мәніне емес амплитудасы;

ω – бұрыштық жиілік;

φi – бастапқы фаза;

t – уақыт.

Синусоидальды ток ωt + φi аргументінің мәнін синусоидальды токтың фазасы дейді, ал фазаның бастапқы уақыттағы (t = 0) мәнін анықтайтын шаманы φi синусоидальды токтың бастапқы фазасы деп атайды.

Электр тогының периоды – ең аз уақыт ішінде токтың лездік мәнінің өзгеруінің уақыты.

Токтың жиілігі периодқа кері шама, яғни бір секундтағы период саны:

мұндағы f – ток жиілігі, Т – ток периоды.

Ток жиілігін айнымалы ток генераторының полюстарының жұптарының саны арқылы және айналу жылдамдығымен (минутына айналу саны) анықтауға болады, яғни:

мұндағы р – полюс жұптарының саны; n – айнымалы ток генераторының айналу жылдамдығы.

Синусоидальды токтың бұрыштық жиілігі синусоидальды ток жиілігін 2π-ге көбейткенге тең, яғни:

Периодты токтың әсерлік мәні :



Cинусоидальды ток ωt кезіндегі токтың әсерлік мәні



Егер ток, ЭҚК және кернеу синусоида заңы бойынша өзгерсе, онда оның әсерлік мәні 0,707 амплитуда мәнін құрайды.



Синусоида тогының оң бөлігіндегі орташа мәні

Ток қисығының формасының коэффициенті деп айнымалы токтың әсерлік мәні I мен орташа мәніне Iорт қатынасын айтады:




Бекіту сұрақтары:

  1. Айнымалы ток дегеніміз не?

  2. Айнымалы токтың Қазақстандағы электр энергетикалық жүйелерде пайдаланылатын стандартты жиілігі қандай?

  3. Байланыс техникасында пайдаланылатын айнымалы ток жиілігі қанша Гц?

  4. Айнымалы токтың неше фазалы жүйені жиі қолданады ?

  5. Синусоидальды токтың лездік мәні?

  6. Ток жиілігін қалай анықтауға болады?



Үйге тапсырма:

  1. Тізбектегі ток күшінің өзгеріс заңы: i=0,5sin1256t. Ток күшінің тербеліс жиілігі қандай?

  2. Сыйымдылығы 1 мкФ конденсаторды айнымалы ток тізбегіне жалғағанда кедергісі 16 Ом болса, айнымалы ток периоды неге тең?

  3. Индукциялы ЭҚК-нің лездік мәні e=100sin800πt заңы бойынша өзгереді. Айнымалы ток периоды неге тең?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет