Бәйшешек туысы (шафран - Crocus)
Шиқылдақ туысы (юнона - Juno).
Шиқылдақтар биiктiгi 15-20 см шамасында болатын көпжылдық пиязшықты өсiмдiктер. Қысқа сабағын орақ тәрiздi иiлген жапырақтары тұтас жауып тұрады. Гүлдерi бiреуден (сиректеу 2-3-тен) болады. Гүлдерi сарғыштау-көк, ашық-көк немесе көкшiлдеу түстi болып келедi. Сәндiк өсiмдiктер. әсiресе көктемде айналаға ерекше көрiк бередi. Шиқылдақ туысының Қазақстанда 8 түрi өседi. Оның үшеуi сирек кездесетiн өсiмдiк ретiнде қазақстан қызыл кiтабына енген. Олар Алматы шиқылдағы (юнона Алма-Атинская-Juno almatensis), көкшiл шиқылдақ (юнона голубая – Juno coerulea). Кушакевич шиқылдағы (юнона кушаковича – Juno kuschakewiczii). Сонымен бiрге бұл тұқымдасқа Калпаковский придодиктиумы (иридодиктиум Калпаковского – Iridodictyum kalpakowskianum) деп аталынатын түр жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |