Тақырыбы: Дара жарнақтылар класы. Құртқашаштар тұқымдасы Дайындаған: Тұрысбекова Ф



бет3/7
Дата09.05.2020
өлшемі0,63 Mb.
#66747
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тұрысбекова Ф 14-апта

Құртқашаштар тұқымдасы.

Құртқашаштардың көпшiлiгi шөптесiн өсiмдiктер. Әсiресе тамырсабақты, пиязшықты, түйнектi пиязшықты формалары көп кездеседi. Тропикалық аймақтарда бұталары да кездеседi. Жапырақтары қылыш немесе таспа тәрiздi болып келедi. Гүлдерi iрi қосжынысты дұрыс, кейде бұрыс гүлдер болады. Мысалы, гладиолустың гүлдерi бiржақты масақ тәрiздi гүлшоғырын түзедi. Гүлдерi бiр түрлерiнде жалғыздан болса, екiншiлерiнде бiрнешеуден жиналып гүлшоғырын түзедi. Гүлсерiгi қарапайым алты күлте жапырақшадан тұрады. Олар үштен шеңбер түзiп орналасады. Сыртқы шеңбердi түзетiн желектердiң, iшкi шеңбердiң желектерiнен айқын айырмасы болады. Аталықтары мен аналықтарының саны үшеуден, төменгi жатынды. Жемiстi үш ұялы қауашақ.

Олардың барлығы құртқашаштар тұқымдасына жатады. Сонымен бiрге бұл тұқымдасқа басқа да көптеген сән болып гүлдейтiн өсiмдiктер жатады. Құртқашаштар тұқымдасына 75-80-дей туыс, 1800-дей түр жатады. Қазақстанда 6 туысы, 35 түрi өседi. Бұл тұқымдастың өкiлдерiнiң таралу аймағы аса кең. Олар жершарының салқын, кейбiр шөлдi және ылғалды тропикалық ормандарынан басқа кеңiстiктердiң барлығында кездеседi. Бiрақ құрқашаштардың түрлiк саны мен өсу жилiгi барлық жерде бiрдей емес. Олардың аса қалың өсетiн аймағы Африканың оңтүстiгi, орталық және оңтүстiк Америка.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет