Тақырыбы: Дара жарнақтылар класы. Құртқашаштар тұқымдасы Дайындаған: Тұрысбекова Ф



бет6/7
Дата09.05.2020
өлшемі0,63 Mb.
#66747
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тұрысбекова Ф 14-апта

Лабораториялық сабақтың тақырыбы: Даражарнақтылар класының құрылысы мен таралуы

1. Лабораториялық жұмыстың жоспары:

1. Даражарнақтылардың жалпы құрылысы

2. құртқашаштар тұқымдасының таралуы мен құрылысы

3. лалагүлдер тұқымдасының ерекшеліктері



2. Лабораториялық жұмыстың мақсаты: Даражарнақтылар класының құрылысымен, тіршілік циклымен, олардың систематикалық орнымен және табиғаттағы ерекшеліктерімен танысу.

3.Лабораториялық сабаққа қажетті көрнекіліктер: Даражарнақтылар класының түрлері, көбеюі көрсетілген плакат, слайдтар

Лалагүл тұқымдасы (Lіlіaceac)

Дара жарнақтыларға жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Еуразия, Африка, Америка құрлықтарының далалы, таулы аймақтарында өсетін 3 мыңға жуық түрінің Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі.

Гүлсидам сабақтары жапырақты, кейде жапырақсыз. Жапырақтары қандауыр, таспа, жүрек пішінді, сағақты, бүтін жиекті. Ірі және ұсақ гүлдері қос жынысты, жеке жетіледі, кейде гүлшоғыры сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Жемісі — қорапша кейде жидек. ұсақ тұқымдары шашылу арқылы, кейбіреулері жел, құмырсқа арқылы таралады.

Туысы — жуа (Allіum).

Көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі майда, ақ, қызғылт сары, жасыл, т.б. түсті. Жемісі — үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша.

Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мысылы, Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет