Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың емлесі



Дата08.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#190525
Байланысты:
Презентация. Тақырыбы Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың емлесі.

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп аталады.

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп аталады.

Дауыссыз дыбыстар -тар үн мен салдырдың қатысына қарай үшкебөлінеді: Олар: 

  • қатаң дауыссыздар;
  • ұяң дауыссыздар;
  • 3) үнді дауыссыздар.

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.

2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.

3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.

- Б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша қатаң дауыссыздан басталып жалғанады. Мысалы, арабтар, архивтен, педагогпен, Ленинградтық, т.б.;

  • - Б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша қатаң дауыссыздан басталып жалғанады. Мысалы, арабтар, архивтен, педагогпен, Ленинградтық, т.б.;
  • - кт, мб, нг, ск, мп дауыссыздарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша ы, і дәнекер дыбыстары арқылы жалғанады. Мысалы, фактімен, ромбының, митингіге, киоскіден, штампылау, т.б.;
  • - лл, мм, сс, тт, зд, ст, дауыссыз дыбыстар тізбегіне біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жалғанғанда соңғы қосымша түсіп қалады. Мысалы, металл – металды, грамм – грамдап, класс – класы, киловатт – киловатпен, подъезд – подъезде, машинист – машиниске, тракторист – тракториске, т.б.;
  •  әрпі қазақтың байырғы санаулы сөздерінде ғана жазылады. Мысалы,ащы, тұщы, кеще;

 дыбысына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады. Мысалы,тарихты, цехта, т.б. - Ь біткен сөздерге қосымша дауыссыз дыбыстан басталып жалғанса, түбірдегі ь сақталады.Мысалы, табельге, рояльмен, ал дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, ьсақталмайды. Мысалы, табелі, роялім, т.б.

- У дыбысы дауыссыз болады: 1) сөз соңында дауысты дыбыстан кейін келсе, тау, дау, бау, ақтау, қолдау, дайындау, тербеу, т.б. 2) сөз басында дауысты дыбыстың алдында келсе, уақыт, уәде, уағыз, уық, уәж, уәкіл, т.б. 3) екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, дәуір, жауын, сәуір, бауыр, тауық, тәуір, т.б.

ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Сондықтан да, Абайдық педагогикалық әдісін қолданып, парасатты, ақылды, жігерді, жүректі педагогтарды дайындау басты міндет.

ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Сондықтан да, Абайдық педагогикалық әдісін қолданып, парасатты, ақылды, жігерді, жүректі педагогтарды дайындау басты міндет.

1. Й, ң, һ әріптері сөздің басында қолданылмайды, тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады. Мысалы: жаңа, аң, жай, қайрат, қаһар т.б. 2. Қазақтың байырғы сөздерінде в, ф, ч, ц әріптері қолданылмайды. 3. Б, в, г, д дыбыстары тек орыс тілінен енген сөздердің аяғында қолданылады. Мысалы: актив, отряд, устав, клуб т.б.

4. Й әрпіне біткен сөзге тұйық етістіктің –у- жұрнағы жалғанса, бұл екі әріп бірігіп, -ю- болып жазылады. Мысалы: сой+у – сою,сүй+у – сүю т.б. 5. Й әрпіне біткен етістікке көсемшенің –а- жұрнағы жалғанғанда, бұл екі әріп (й-а) я- әрпіне өзгереді. Мысалы: жой+а – жоя, жай+а – жая, қой+а – қоя т.б. 6.Орыс тілінен енген нд, мп, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның ралығына дәнекер ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: шрифт+і+ге, штамп+ы+лау т.б.

7.Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалады. Мысалы: прогресс-прогрес+тік, металл-метал+дың, грамм-грам+дап т.б. Ескерту: Қосарлы дыбыстарға біткен сөздер жалқы есім болса, қосарлы дауыссыз дыбыс түспейді. Жер аты, мекеме аты, шығарма аттары сияқты жалқы есімдерді өзгертуге болмайды. Мысалы: Кузбасс-Кузбасста, Донбасс-Донбассқа, Кирилл-Кириллмен т.б.

8. Орыс тілінен енген қосарлы ст, сть, зд дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: трест+ке-треске, ведомость+қа-ведомосқа, подъезд+ге-подъезге т.б. 9. Орыс тілінен енген ог, уг, рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, нкт, кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымша жіңішке жалғанады. Мысалы: геолог+і, педагог+тер, парк+тен, ансамбль+ге, пункт+і, киоск+те т.б. 10. Орыс тілінен енген сөздердің соңында ь жіңішкелік белгісі келгенде, ол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, ь жіңішкелік белгі сақталып жазылады. Ал дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгі түсіп қалады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет